» ТАРИХҚА ТЕРЕҢ БОЙЛАҒАН ЕЛ АДАСПАЙДЫ

ТАРИХҚА ТЕРЕҢ БОЙЛАҒАН ЕЛ АДАСПАЙДЫ

Кез келген адамның кейінгіге аманаттар материалдық дүниесі болмаса да, рухани жұтаң болмауы қажет. Себебі халқымыз талай қилы кезеңде руханиятты алдыңғы орынға қойды. Ұлттық рух, ұлттық тәрбие, салт-дәстүрдің сабақтастығын үзбес үшін оған арнайы бағдарлама қажет емес. Жазу-сызу болмаған күнде де жұртымыз мұның бәрін өз шаңырағында дәріптеп отырды емес пе?! Сондықтан жастардың рухани жұтаң болмауы әуелі ата-анаға, мұнан кейін ортасына байланысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі мазмұны да осыған саяды.
Бұл еңбекті қолыңызға алып қарасаңыз, туындының тақырыбы да мемлекет келешегі үшін жазылған шығарма екенін айқындап тұр. Ал егемен елдің ертеңіне біз бүгінгі жас буынсыз көз жүгірте алмаймыз. Сондықтан жастардың бұл еңбекке зер салғаны абзал.
Бағдарламалық мақалада тәлім-тәрбиеге басымдық берілген. Өз басым мұны қос қолдап қолдаймын. Бауыржан Момышұлы ілім кез келген жанға қонатынын, ал тәрбиемен сіңірген ілімнің күннің сәулесіндей ортасына да шуағын төгетінін айтты емес пе?! Сондықтан тағылымға толы туындыда әсіресе тәлім-тәрбиеге басымдық берілгені құптарлық дүние.
Жалпы Елбасы мақаласының мазмұндылығына келсек, кез келгеніміздің бұл еңбектен аларымыз көп. Мақаланың бір бөлімінде астамшылық жайлы ашық айтылған. Бірақ біз барып жүрген той-томалақ, салтанатты шараларда мұның жемісін көріп жатырмыз деу қиын. Өзіміз осындай қадамдарға барсақ, кейінгі буыннан да көп нәрсе күтудің жөні жоқ. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына тәлім-тәрбие, руханиятты сіңіруді басты орынға қоюымыз керек.
Руханият деген не? Ол – тарихпен сусындап, салт-дәстүрімізді ұмытпау. Өткенге көз жүгіртсек, бабамыз тек ізгі жолмен жүргенін аңғарамыз. Елбасының да «Тарихта қазақ ұялатындай оқиға орын алған емес» деуінің сыры осында. Біз тарихқа зер салу арқылы ұлы халықтың өн бойында көптеген қасиеттер барын аңғарамыз. Ал шын ізденген адам одан сабақ алып, бой түзейді. Әсіресе бұл бүгінгі буын үшін аса қажет дүние. Себебі елдің ертеңі бәсекеге қабілетті ұрпақ екенін Тұңғыш Президент өз мақаласында айтты. Біз де барынша олардың сапалы білім алуына, түзу жолмен жүруіне, ұлттық тәрбиемен сусындауына үлес қосуымыз керек.
Бағдарламалық мақала уақытында жазылып, халыққа да қажетті кезде жария етілді. Қазір тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырсақ, материалдық жағдайымыз жаман емес. Енді бізге рухани дүниеге көптеп көңіл бөлу қажет екенін Елбасы да айтқан болатын. Тың туынды жарыққа шығысымен Сыр бойында тарихқа бойлау, өткенді ұлықтау, ерлікке тағзым ету сияқты игі шаралар қолға алынды, «Рухани жаңғыру» орталығы жұмысын бастады. Осыдан-ақ Қызылордада бұрыннан руханияттың ізі барын, оны кейінгі буынның жалғап жатқанын аңғарамыз.
Елбасы бұл еңбекте әсіресе жастардың бойында бәсекеге қабілеттілікті барынша қалыптастыруға мән бергенін жоғарыда айтып өттім. Осы орайда «Мақсат не?» деген сауал туындауы мүмкін. Себебі елінің ертеңін ойлаған адам алдымен ізін жалғап келе жатқан өскелең ұрпақтың тәрбиесіне зер салады. Бұл тұрғыда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында да қолға алынып жатқан түрлі шаралар бар. Барлығының мақсаты мақалада жүктелген міндеттерді жүзеге асыру. Біз осы бағыттан таймай әлі де келешек үшін іс қылсақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ өзідігінен қалыптасары сөзсіз. Олардың бойына тарихты сіңірсек, батыр бабалардың ерлігінен үлгі алып, олар да өздерін отансүйгіштікке, патриоттыққа баулитыны анық. Келешек үшін кеңесін аямаған елдің ертеңі де жарық.

Нұршат ИБРАЕВА,
аудандық архивтің қызметкері

---
23 шілде 2019 ж. 764 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930