» АҚҚОШҚАРЛЫҚТАР МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНА 300 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ ДӘРІ-ДӘРМЕГІН ТАРТУ ЕТТІ

АҚҚОШҚАРЛЫҚТАР МӘДЕНИЕТ АУЫЛЫНА 300 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ ДӘРІ-ДӘРМЕГІН ТАРТУ ЕТТІ

Коронавирус індетін ауыздықтауда Жалағашта жауапты мамандар сапалы еңбе етіп жатыр. Соңғы уақытта елдегі ахуал қай өңірге болсын оңай болып тұрған жоқ. Десе де қиын кезеңде жалағаштықтар тағы да ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп келеді. Бүгін Еңбек ауылының тұрғындары Мәдениет ауылдық ауруханасындағы науқастарға 300 мың теңгеге дәрі-дәрмек үлестірді. Еңбек ауылының әкімі Қайролла Қалданов мұндай қиын кезеңде бір-бірімізге қол ұшын созу аса қажет екенін айтады.

– Қазіргі таңда ауыл тұрғындары көрші ауылдың ауруханасындағы науқастардың тезірек сауығып кетуі үшін дәрі-дәрмек үлестіріп отыр. Мен ауылдастарымның бұл игі ісімен мақтанамын. Дәл қазіргідей қиын кезеңде бір-бірімізге қол ұшымызды созуымыз керек. Қазақ қашаннан осындай ымырамен іс қылып, ауызбіршіліктіңарқасында талай қиын кезеңді еңсерген. Бұйыртса, дәл осындай бірлігіміз барда бұл мәселені де еңсереміз деп ойлаймын. Жауапты мамандар шама-шарқынша еңбек етіп жатыр. Ал олардың бір жағынан біз де осындай жақсы амалдар арқылы қол ұшын созбасақ, қазақ деген атымызға сын. Ауылдастарымның бүгінгі игі ісін өзбасым жоғары бағалаймын және бірліктің, татулықтың үлгісін көрсеткен оларға алғыс білдіремін, – дейді Еңбек ауылының әкімі.
  Аққошқарлықтардың бүгінгі игі ісі расында көпшлік үлгі алатындай шара екеніне еш дау жоқ. Бұл ауылдың тұрғындары бұрыннан бірліктің ынтымақтың, қолында барын көппен бөлісудің арқасында талай белесті бағындырған болатын. Бүгін де бойларында әлі де ізгі қасиеттер бар екенін тағы бір дәлелдеді.   
---
24 шілде 2020 ж. 281 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30