» Нотр-Дамды қалпына келтіруге ақша берген әйел қазақстандықтарды ашуландырды

Нотр-Дамды қалпына келтіруге ақша берген әйел қазақстандықтарды ашуландырды

Паржидегі Құдай ана шіркеуіндегі өрттен кейін әлем жұртшылығы ғимаратты қалпына келтіру үшін ақша жинауға кіріскен. Бұл орайда еліміздің тұрғыны да қалыс қалмапты. Алайда дәл осы жайт қазақстандықтарды ашуландырып, желіде әйелді сөгіп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 

ÐоÑÑ-ÐÐ°Ð¼Ð´Ñ ÒалпÑна келÑÑÑÑге аÒÑа беÑген Óйел ÒазаÒÑÑандÑÒÑаÑÐ´Ñ Ð°ÑÑландÑÑдÑ
Желі қолданушыларының сөзінше, Қазақстандағы мәдени нысандардың да біршама қаржы қажет. Алайда бұл мәселе ешкімді алаңдатпайды, дейді. 
Мамандар алдағы уақытта Нотр-Дамның сүмбісін қалпына келтіруге кіріспек. Алайда оған қанша қаржы керек екен әзірге белгісіз. Ал халықаралық меценаттар бір тәуліктен аз уақыт ішінде миллиондаған еуроны аударып үлгерген. 
Қазақстандықтар да бұл қайырымдылық шарасынан тыс қалмады. Олардың кейбірі шіркеуді көзімен көрмесе де, ақшасын аянып қалмапты. 
«Түнімен ұйықтай алмадым. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндіріп үлгеретін шығар деп үміттендім. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Біз Парижден алыс болсақ та, жанында тұрғандай сезімде болдым. Шіркеудің толықтай жанып кетпеуін тілеген француздармен бірге жаным ауырды. Мен мың еуро аудардым», - дейді Лиана Асадуллаева. 
Алайда қазақстандықтардың мұндай жомарттығын ел тұрғандырының барлығы бірдей қолдап отырған жоқ. Олар Париждегі Құдай ана шіркеуінің сақталуы француздардың өз мәселесі екенін айтуда. 
«ДАИШ лаңкестері Пальмирді талқандағанда әлем жұртшылығы көзіне жас алмады да. Талибтер Будда мүсінін жарып жібергенде оған ешкім назар аударған жоқ. Парижде шіркеу өртеніп еді, бәрі көз жасын көлдетуде. Бұл қалай болғаны?», «Маған бәрі бір. Бәрінен бұрын біздің миллардерлер де шіркеуді қалпына келтіруге көмектесуді ұйғарғаны ашуландырды. Отанында бәрі тамаша болып тұрған сияқты», - дейді желі қолданушылары. 
Ал біздің мәдениеттанушылар Қазақстандағы мәдение нысандарға да қаржы керектігін айтады. Әрине, өртенген шіркеуге қажет болғандай сома емес. Алайда кей ескерткішті қалпына келтіру үшін қаржы жылдап жиналуда. 
«Бұл өрттің онлайн кеңістікте ашық берілуі бірден үлкен әсер қалдырды. Біздің тарихымыздың басым бөлігі жер астында жатыр. Сонымен қатар жер бетіндегілерінің өзінің халі мүшкіл. Бізге алдымен өз мәдениетімізді сақтап, қорғау керек», - дейді мәдениеттанушы Ольга Батурина.
Еске сала кетсек, Құдай ана шіркеуінің өртенгені туралы ақпарат кеше кешке пайда болған еді. Ғимараттың сүмбісі мен шатыры өртеніп кетті. Париж прокуратурасы аталған оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр.
---
18 сәуір 2019 ж. 582 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930