» Мәжіліс ядролық қаруды сатып алуға тыйым салатын құжатты мақұлдады

Мәжіліс ядролық қаруды сатып алуға тыйым салатын құжатты мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
«Шарт бұрын тыйым салынбаған жаппай қырып-жою қаруларының соңғы түрі - ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салатын тарихтағы алғашқы халықаралық құжат болып саналады. Өз кезегінде ядролық қаруға заңды тұрғыда тыйым салу - ядролық қарудың толық жойылуы үшін қажетті алғашқы қадам ретінде қастырылып отыр. Шарт ядролық қару немесе ядролық жарылғыш құрылғыны өндіру, сынау, сатып алу, беру, сақтау және өз аумағында орналастыруға тікілей тыйым салады. Сонымен қатар, шарттың ережелеріне сәйкес, ядролық қаруды пайдалануға әрі қолдану тұрғысынан қорқытуға тыйым салынған», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.
Оның сөзіне қарағанда, аталған шарт 2017 жылғы 20 қыркүйектен бастап Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясы аясында қол қойылуы үшін ашылды.  Сонымен қатар, 50 мемлекет ратификациялағаннан кейін күшіне енетін болады. Қазіргі уақытта шартқа 70 мемлекет қол қойды, 23 мемлекет ратификациялады. Бағамдар бойынша шарттың күшіне енуі 4-5 жылға созылуы мүмкін.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2045 жылға қарай ядролық қарусыз әлем құру идеясы сөзсіз Қазақстанның басты сыртқы саяси бастамаларының бірі болып саналады. Шарттың тез арада күшіне енуіне жәрдемдесу - бұл жоғары міндетке қол жеткізудің маңызды элементтерінің бірі. Құжатты қабылдау ядролық қарусыздану үрдісінде көптеген жылдарға созылған тоқырауға және ядролық державалардың бұл мәселе бойынша ортақ пәтуа таба алмауына жауап ретінде, яғни ядролық емес мемлекеттер тарапынан қабылданған мәжбүрлі шара ретінде қарастырылуда. Соңғы екі онжылдықта ядролық қарусыздану саласында айтарлықтай прогрестің жоқтығы байқалып отыр. Ядролық сынақтардың тоқтатылуына қарамастан, қару-жарақтың жаңа түрлерін шығару және оларды жеткізу құралдарын жетілдіру мәселесі әлі өзекті. Бұл өз кезегінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың 6-шы бабына қайшы келеді», - деді министрдің орынбасары.
 «Семей сынақ полигонын жабу туралы Елбасының тарихи шешімі Қазақстан халқының кең қолдауына ие. Шартты ратификациялау Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы бастамаларымен толықтай сәйкес келеді. Осы заң жобасын қабылдау республикалық және жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етпейді», - деді Ержан Ашықбаев.  
---
15 мамыр 2019 ж. 654 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930