Линзасын шешпей душқа шомылған жігіт бір көзінен айырылды
Англияның Шрусбери қалсында ер адам душқа шомылар алдында көзінен линзасын алуды ұмытып кеткен. Соның салдарынан бір көзінен айырылды.
\
29 жастағы Ник Хамфрис 2018 жылдың басында көзіндегі жараны байқайды. Осы кезде ол дәрігерге қаралады, оған акантамебті кератит деген диагноз қояды. Дәрігерлер науқастың көзінен Acanthamoeba түріндегі амебаны байқайды. Ол көз линзасы арқылы жанарға түседі.
Хамфрис бірнеше ай көз тамшысын пайдаланды. Ол бактерияларды жоюы тиіс еді. Алайда ер адам бір күні мүлде көруден қалды. Содан бері көз жанары қалпына келген емес.
Ер адам көзіне бірнеше ота жасатты. Мамандар оның көзін ауыстыру қаупі барын да жасырмайды. Қазір көзінің инфекция салдарынан жойылып кеткен қасаң қабығын ауыстырмақ.
Хамфристің айтуынша, ол линзамен душқа шомылудың соңы осындай қатерге апаратынын білмеген.
"Егер мұндайдан сәл де болса хабарым болғанда мүлде линза тақпас едім", - дейді британдық жігіт.
Ол қазір бірнеше қайырымдылық қорымен әріптестік қатынаста. Жақында денсаулығым қайта қалпына келер деп сенеді.
stan.kz