» » Швеция қоқысқа зәру болып отыр

Швеция қоқысқа зәру болып отыр

Елде қоқыстың 99%-ын қайта өңдеуге жібереді.

ШвеÑÐ¸Ñ ÒоÒÑÑÒа зÓÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ñп оÑÑÑ

ERNUR.KZ. Швеция басқа мемлекеттерден қоқыс алмақшы, деп жазады Алтайньюс.

Әлем халықтарын әбігерге салған қоқыстар Швецияда жоқ екен. Өйткені қоқыстың 99%-ын қайта өңдеуге жіберетін олар енді қоқыс таба алмай отырған көрінеді. Елдегі басты мәселе де осы. Өйткені Стокгольмдегі электроэнергияның 45%-ын қоқыстар қамтамасыз етеді.

Швецияда әр отбасында 7 қоқыс жәшігі бар. Мәселен, бір жәшікке тек қана қағаз салса, екіншісіне шыны дегендей кете береді. Тіпті, бала-бақша мен мектептерде қоқысты тастауды үйретеді. Шведтер қоқысқа тасталған бір бөтелкеден жетеуін жасап шығарады. Ал қоқысты өңдеу кезінде атмосфераның ластануы 1%-дан да аз көрсеткішке ие. Айтпақшы, Швецияға Норвегия мемлекеті жылына 800 мың тонна қоқыс жібереді екен 



11 шілде 2019 ж. 1 293 0