» » Үндістанда 74 жастағы әйел егіз босанды

Үндістанда 74 жастағы әйел егіз босанды

Үндістанның Андхра-Прадеш штатында 74 жастағы әйел ЭКО арқылы бала көтеріп, екі қыз босанды. Бұл туралы  РИА Новости жазады.


Мангаямма қыздарын емізе алмайды, олар банка арқылы донор сүтін ішіп жатыр. Директордың айтуынша, әйелде диабет және гипертензия секілді ауыр диагноздар болмағандықтар, әйел балаларды аман-есен босанған.

Мангаямма мен оның 80 жастағы күйеуі Рая Рао 1962 жылдың 22 наурызында үйленген. Соңғы 57 жыл ішінде олар балалы болуға тырысқан. Тек осы жылдың қаңтар айында 74 жастағы әйел ЭКО арқылы жүкті болады.

Бұған дейін үндістандық Омкари Панвар ЭКО арқылы сәби сүйген ең егде жастағы әйел болып саналатын. Ол 2008 жылы 70 жасында егіздерді босанған.

Фото: дереккөз

06 қыркүйек 2019 ж. 1 677 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031