» » Адам көзбен ғана көре алмайды: Зағип жан әлемнің 130-дан астам елін шарлаған

Адам көзбен ғана көре алмайды: Зағип жан әлемнің 130-дан астам елін шарлаған

Ағылшындық Тони есімді азамат - зағип жан. Ол тек есту аппараттарының көмегімен ғана ести алады, бірақ саяхатқа деген сүйіспеншілігі үшін 130-дан астам елді аралады.

«Кейбіреулер мен сапардан өте аз әсер алады деп айтатын шығар, мен ештеңе көре алмаймын, бірақ әлемді тек көзбен көруге болады деген сөз емес», - дейді Англиядан келген саяхатшы.
Travel TV шоу тобы оны Эфиопияға сапарында кездестірді.
«Мен адамдардың қайлай сөйлесетінін естимін, мен тауларға көтеріліп, төмен түсемін, айналамдағы барлық нәрсені терім арқылы, аяғым арқылы сезінемін», - дейді ол.
Джайлз 41 жаста. Соңғы 20 жылын әлем бойынша саяхаттаумен өткізді.
Осы сапарлардың бірінде ол өзінің құрбысымен кездесті. Құрбысы Греция тұрғыны, оның да көзі көрмейді.

Ðдам көзбен Òана көÑе алмайдÑ: ÐаÒип жан ÓлемнÑÒ£ 130-дан аÑÑам елÑн ÑаÑлаÒан

Былтыр екеуі Ресейге бірге барған. Олар пойызбен бүкіл ел бойынша саяхаттады. Бірақ көптеген сапарларда Джайлз жалғыз жолға шығады.
Тонидің жасөспірім кезінде қайтыс болған әкесі үшін зейнетақы беріледі. Ол сол ақшаға қыдырады. Маршрутын алдын-ала және өте мұқият жоспарлайды. Анасы оған билеттерді броньдауға көмектеседі, өйткені көптеген авиакомпаниялардың веб-сайттары зағип жандарға билеттерді өз бетімен сатып алуға мүмкіндік беретін технологияларды пайдаланбайды. Тони ғаламтор арқылы саяхаттау кезінде оған көмектесетін адамдарды іздейді.

Ðдам көзбен Òана көÑе алмайдÑ: ÐаÒип жан ÓлемнÑÒ£ 130-дан аÑÑам елÑн ÑаÑлаÒан

«Мен жай ғана нұсқаулық алып, шешім қабылдай алмаймын. Мен қайда бара жатқанымды алдын-ала білуім керек. Менің жадым өте жақсы. Мен бағдарды өзім жоспарлаймын», - дейді Тони.
Жаңа елмен, қаламен немесе елдімекенмен танысу Тони үшін ерекше әсер береді.
Тониге соқырлыққа алып келетін ауру диагнозы қойылғанда, ол тоғыз айлық еді. Он жасында ол соқыр болып қалды.
Алты жасында оған ішінара есту қабілетінің жоғалуы диагнозы қойылған. Қазір Тони арнайы есту аппараттарын қолданады, бірақ ол әлі де барлық дыбыстарды естімейді.

Ðдам көзбен Òана көÑе алмайдÑ: ÐаÒип жан ÓлемнÑÒ£ 130-дан аÑÑам елÑн ÑаÑлаÒан

Тони өзін соқыр сезінгендіктен ұзақ уақыт бойы депрессияға ұшырағанын айтады. 
Ол соқыр балаларға арналған арнайы мектепте оқыды, содан кейін алғаш рет басқа елге сапар шекті.16 жасында ол сыныптастарымен бірге Бостонға барды.
Алайда қазірдің өзінде денсаулыққа байланысты мәселелер кейде ынта-жігерден басым болады. Мәселен, 2008 жылы Тонидің бүйрегі істен шықты, трансплантация жасау қажет болды. Оның өгей әкесі донор болды. Тони алкогольдің көмегімен осы күйзелістерден аман қалуға тырысты.
«Мен келесі алты-жеті жыл ішімдік ішіп кеттім. 24 жасымда маскүнем болдым», - деп еске алады ол.
«Мен ішімдікті қойған соң жағымсыз эмоциялармен күресудің басқа әдісі бар екенін түсіндім», - дейді Тони.

Ðдам көзбен Òана көÑе алмайдÑ: ÐаÒип жан ÓлемнÑÒ£ 130-дан аÑÑам елÑн ÑаÑлаÒан

2000 жылы наурызда ол Нью-Орлеанға сапарға аттанды. Жаңа елдермен танысу оған қажетті жағымды эмоциялар береді.
«Мен жаңа адамдармен кездескен кезде, олар менімен бірге екеніне сенімдімін, бірақ мен оларды тұлға ретінде қандай екенін білмеймін», - дейді саяхатшы.
«Менің ең үлкен қызығушылығым - музыка. Мен ырғақты сезінемін. Музыка барлық кедергілерді жояды», - дейді Тони.
Ол сонымен қатар әртүрлі жергілікті тағамдарды жеуді ұнатады. Бұл оның саяхат бағдарламасының тұрақты тармақтарының бірі.
Тони Жердің көптеген әдемі бұрыштарын аралады. Саяхат кезінде ол жиі суретке түседі.
Ол ешқашан өзінің жеке суреттерін көрмеуі мүмкін, бірақ оның суреттерін  сайтқа кірушілер көреді.
Кейде ол өзінің саяхатқа деген сүйіспеншілігін түсіне алмайтын адамдармен кездеседі.
«Неге зағип адам әлемді аралағысы келеді?» - деп сұрайды олар. Тони ондайларға «Ал, неге саяхаттамасқа?» деп қарапайым түрде жауап береді.

stan.kz

24 қыркүйек 2019 ж. 496 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031