Ғалымдар адам өлер алдында қандай түстер көретінін анықтады
Буффалодағы (АҚШ) хосписті және паллиативті емдеу орталығының дәрігерлері онжылдық зерттеуді аяқтады, нәтижесінде жұмбақ жайттың шешуі табылды.
Кристофер Керр бастаған мамандар өліп бара жатқан науқастарды бақылап, өлімге дейін көп ұзамай адамдар біртүрлі көріністерді көре бастайды. Олардың бәрінің түстері ұқсас әрі жарқын түстер болды. 72 пайызы қайтыс болған туысқандарымен және достарымен байланысып, жылы қатынаста сөйлесе бастады. Науқастардың 59 пайызы шабадандарын жинап немесе билетт сатып алып жатты. Нақты айтқана соңғы сапарға аттануға дайындалды. Кейбіреулер сол кездің өзінде пойызбен немесе ұшақта кетіпбара жатқанын айтқан.
Пациенттердің 29 пайызы марқұм туыстарымен, достарымен тірі адамдар секілді сөйлесті. 28 пайызы түсінде өмірінің әртүрлі естеліктерін - жағымды әсер қалдырған оқиғаларды көрді. Ал, балалар көбіне бұрын өліп қалған жануарларымен сөйлесті. Марқұм болған ересек адамдармен де сөйлесті, бірақ олардың кім екенін тани алмады.
Ғалымдардың пікірі бойынша, адамдар мұндай түстерді өлімге дейін 10-11 апта бұрын көре бастаған. Ал үш апта бұрын жиі түс көре бастайды. Керр және оның командасы бұл құбылысты түсіндіре алмайды. Мүмкін, адам өлімі жақындаған айын мидағы кейбір өзгерістер осындай түс көруге себеп болады. Бір нәрсе анық, ондай түстер адамдарды тыныштандырып, өлімнен қорықпауына көмектеседі.
Stan.kz