» » "Менің футболда аз ғана уақытым қалды": Месси тағы да "Алтын допқа" ие болды

"Менің футболда аз ғана уақытым қалды": Месси тағы да "Алтын допқа" ие болды

Испаниялық "Барселона" тобының шабуылшысы және Аргентина елінің футбол құрамасының ойыншысы Лионель Месси осымен 6-шы рет France Football журналы тағайындаған "Алтын допқа" ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүлдені табыстау салтанатты рәсімі Париждің Шатл театрында өткен. Мессиге "Алтын допты" марапатқа былтыр ие болған мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лук Модрич табыстаған. Алайда Луктың өзі осы жылы сыйға үміткерлердің қатарында болмаған көрінеді. 
"Өзіңнің ойын мансабын аяқталар шағында дәл осындай сәттер үлкен орынға ие болады. Менің алдағы уақытта тек бірнеше жылым ғана қалды, дегенмен ол да көзді ашып жұмғанша өте шығады. Мен бұл марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Мен өзімді дамыту үшін талмай еңбек етудемін. Сонымен қатар мен өзімнің сүйікті футбол клубымның атын асқақтатуға үлесімді қосқаным үшін ризамын. Менің спорттағы мансабым аяқталған соң өткеніме қарап, демалатын боламын. Ал қазір менің оған уақытым жоқ", - деді Месси.

stan.kz

03 желтоқсан 2019 ж. 576 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 714

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031