» » Емі жоқ 9 дерт

Емі жоқ 9 дерт

Емі жоқ 9 дерт
1. Геморралдық  Эбола  безгегі – алғаш вирус 1976  жылы  Орталық  Африканың, шығыс Конго  өзені мен Эбола  өзенінен  табылған. Аурудың  аталу  себебі  де  өзен атымен  тікелей  байланысты. Сонымен қатар, 1976  жылы Судан  мен  Заир жерлерінде  мыңнан  аса  адам  қаза  тапқан. Ауру  көбіне  маймылдар мен  гаррилаларда  және  адамдарда  кезігеді.  2. Полиомиелит – негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын балалар жұқпалы ауруы. Белгілері, қызудың  көтерілуі, бұлшық  еттердің   ауруы, жүрек  айнуы,  әлсіздік, кеуде мен   тамақ  аурулары. Ауру көбіне  5  жасқа  дейінгі  балаларда  жиі  кезігеді. Әлем  бойынша  5-10 %  адамдар осы дертпен  ауырады. 3.Қызыл жегі – созылмалы ауру.  Дәнекер тіннің  диффузды аурулары қатарына жатады. Ауру тұқым қуалайды. Организмге түскен ошақты созылмалы инфекциялар орталығы және шеткі жүйке мен эндокриндік жүйелердің жұмысының бұзылуына, аурудың  асқынуына жол ашады. 4.Тұмау (Грипп) –  тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Өте жұқпалы ауру. Аурудың  қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Асқынып кеткен жағдайда,  тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей  қабығында  өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың  микробын  жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады.   5.Диабет – қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Жасөспірім  кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі қолдану ұсынылады. Қант  диабеті  жас та, жыныс та  талғамастан  ауруға  ұшырата береді. Негізгі  көрсеткіші 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. 6.СПИД (ВИЧ) немесе ЖИТС – Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) – аса қатерлі вирустық дерт. Қазіргі  таңда  емі  табыла  бермейтін, қатерлі ауру санатында. Қоздырушы - адамның иммундық дефицит вирусы болып табылады. Вирус иммундық жүйесінің  жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады. 7. Астма – қатерлі  тамақ ауруы. Тыныс  жолдарын  бітеп, адамды  демікпеге  ұшырататын  ауру түрі. Астма – созылмалы  түрі де  кезігеді. Қоршаған  ортадағы   болмашы  дүниелердің  барлығынан  қозып, тыныс  жолдарын  бітеп  тастайды. Лас ауадан, суықтан, шаңнан, жануарлар терісінен, темекі  тұқылынан  дертке  ұшыраған  науқастың  тыныс  жолдарын  бөгеп, арнайы апаратпен  дем алдырарлықтай дәрежеге  жеткізеді. Жаттығу  жұмыстары мен   арнаулы  дәрілердің  көмегімен  ғана  коздырып алмауға  болады. 8.Рак – әлем  мойындаған  қатерлі  ісік ауруы. Өкінішке  орай  дене  мүшелерінің  асқынуынан  туындайтын  бұл аурудың  емі  табылар емес. Химиялық  күйдірулер  нәтиежесінде  ғана  науқастың  өмір  сүру  кезеңін  бір  немесе  бірнеше  айға  созу  ғана  қолдан келерлік  іс  болып табылады. Қатерлі ісік аруы  жас  талғамайды. 9.Салқын  тию – 100 ден аса вирустық  аурудың  қозуына  ықпал ететін  өте  тез  таралатын  қатерлі  аурудың  бірегейі. Кеуде  тұсы  мен  тыныс  алу жолдарын  бітеп, көз бен  құлақ  ауруларын  туғызуы әбден мүмкін.    Медицина саласы   әрдайым  дамып отырады, әлемде  орын алып  жатқан  келеңсіз  жайттар мен  қатерлі  дертке  шалдыққан  науқастардың  көрер  жарығы  таусылмасын деп тілейік!

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/44357
28 желтоқсан 2019 ж. 628 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930