Австралияда жануарларға қамқорлық көрсетіліп, аспаннан тікұшақпен көкөністер тасталды
Австралия үкіметі өрттен зардап шегіп, азықсыз қалған жануарларға тікұшақпен аспаннан көкөністер тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа Уэльс штатының қоршаған орта министрі Мэтт Кин жануарларды азықпен қамтамсыз ету жұмысын "Шатқалды кенгуру операциясы" деп атапты.Сөзінше, аңдарға көкөністерді таратумен австралиялық ұлттық саябақ және қоршаған орта қызметі айналысқан. Бірнеше мың килограмм сәбіз бен тәтті картоп тікұшақтан өрттен кейін аман қалып, айдаланы кезіп жүрген жануарларға тасталған.
"Бүгін қызметкерлер бірнеше мың килограмм азықты тікұшақтан тастады", - деп жазыпты министр әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылар үкіметтің хайуандарға көрсетілген қамқорлығына риза болысты. Дегенмен олардың арасында "көкөністер жаңбыры" салдарынан аңдар зардап шекпесе екен десіп жатты.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Австралияда күзде басталған өрт әлі де өршігіп тұрғаны айтылған еді. Тілсіз жаудың кесірінен миллиардтан астам жануар қырылған. Бұл өрт қасақана ұйымдастырған болуы мүмкін екен.
stan.kz