» » Австралияда көлемі гольф добымен бірдей бұршақ жауды

Австралияда көлемі гольф добымен бірдей бұршақ жауды

Австралияның оңтүстік-шығысында құмды дауыл тұрғаннан бір тәулік өткен соң көлемі гольф добымен бірдей бұршақ жауды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Газета.ru-ға сілтеме жасап.

Австралия аумағында табиғи апаттар толастар емес. Елде ауқымды орман өртінен кейін нөсерлі жаңбыр жауып, су тасқыны болды. Енді мемлекеттің оңтүстік-шығысында құмды дауыл тұрып, артынан алып бұршақ жауды. Көлемі гольф добындай болатын бұршақтар көптеген автокөлікке зақым келтірген.

Белгілі болғандай, алып бұршақ Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында тіркелді. Соңғы тәулік ішінде 1,5 мыңнан астам адам құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Оның ішінде мыңға жуығы апат салдарынан ғимараттарға зақым тигенін айтып, шағымданған.

Бұршақ жауғанға дейін бір тәулік бұрын аталған штатта жел екпіні сағатына 100 шақырымға жеткен құмды дауыл тіркелді.

Жергілікті 7News телеарнасының ақпарынша, қазіргі уақытта Виктория, Оңтүстік Австралия, Тасмания штаттарында орман өрті жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Австралиядағы орман өртінен 500 миллионға жуық жануар жойылғанын хабарлағанбыз. Сол кезде Сидней университетінің экологтары қыркүйек айынан бері өрт апатынан шамамен 480 млн жануар жойылғанын, бұл сан әлі де өсуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

kaz.nur.kz
20 қаңтар 2020 ж. 532 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 717

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031