Илон Маск жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті
Америкалық Tesla және SpaceX ұйымдарының басшысы Илон Маск бизнесте жетістікке жетем дейтін адамдарға бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сөзінше, кез келген кәсіпті бастау оңай, бірақ қиыншылықтар содан кейін басталады. Осының салдарынан күйзеліске түсіп кетпеу және оның әкелетін кері ықпалын азайту үшін үш ұстанымды ұмыстпаған дұрыс. Біріншісі - бәсекелестерінді қандай жолмен болса да басып озу.
"Егер сіз нарыққа ірі бәсекелестерге қарсы шығуға бел бусаңыз, сіздің өніміңіз олардікінен бірнеше есе үздік болуы тиіс", - дейді Илон Маск.
Екіншіден, әділ сын айтуышыларды іздеу. Кәсіпкерддің пікірінше, жақын адамдардың сөзіне құлақ асқан дұрыс, себебі олар сізді ренжітпеуге тырысып, барынша дұрыс кеңес береді. Үшіншіден, белгілі бір салада білімі сіздікінен көп адамдармен араласу.
"Тіпті олардың пікірлерімен келіспесеңіз де, сөздеріне мұқият көңіл бөлген абзал", - деп кеңес берді Илон Маск.
Бұған дейін Илон Маск 2050 жылға қарай Марсқа миллион адамды жіберуді жоспарлап отырғаны айтылған еді.
stan.kz