» » Тұрғын ағылшын тілін білмегендіктен төрт миллион долларлық ұтысты қалт жіберіп алды

Тұрғын ағылшын тілін білмегендіктен төрт миллион долларлық ұтысты қалт жіберіп алды

АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Нью-Бедфорд қаласының тұрғыны ағылшын тілін білмегендіктен бірнеше миллион долларлық ұтыстан айырылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

лотерея

Джоао Луис ДаПонте есімді америкалық азамат Мария Оливейра және Сюзана Гаспар деген екі әйелге қарсы шағымданған. Айтуынша, олар ДаПонтенің ұтқан ақшасын алаяқтықпен қалталарына басқан. 

ДаПонте төрт миллион доллар ұтып алған көрінеді. Оның лотерея билетінде «4mil» деген жазу болыпты. Алайда ағылшынша түсінбейтін азамат португал тілінде mil деген "мың" деген сөзді білдіреді деп ойлап, небәрі төрт мың долларды алған. 

Ол ұтыс билетін Оливейраға бергенін айтыпты. Өтірікші әйел ұтыс иегерін ақшаңды әкеп беремін деп сендірген, сол үшін тіпті 200 долларды иеленіпті. Салық мөлшерін есептегенде 2,6 миллион долларды қолған түсірген Оливейра жәбірленушіге тек 3,8 мың доллар табыстаған. 

Ең қызығы, бұл жағдайды естіген ДаПонтені және екі әйелді танитын досы алаяқтардың өтірігін ашқан. Дегенмен Оливейра өзінің кінәлі еместігін айтып ақталып жатқан көрінеді. 
 
29 қаңтар 2020 ж. 470 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 192

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031