8 наурызда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
Әлемде 8 наурызда дүниеге келген танымал тұлғаларды танисыз ба? Біз соның бір парасын назарыңызға ұсынамыз.

1941 жылы кеңестік мәнерлеп сырғанаушы, Тамара Москвинамен жұп болып өнер көрсеткен, әлемнің және Еуропаның күміс жүлдегері, КСРО чемпионы Алексей Мишин дүниеге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1969). КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері. Ресейдің еңбек сіңірген бапкері. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дене шынықтыру маманы (2002);
1942 жылы кеңестік мотоциклші-спортшы, 250 см³ дейінгі көліктер санаты бойынша мотокростан әлем чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Виктор Арбеков дүниеге келді. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1965), РКФСР-ның еңбек сіңірген бапкері;
1962 жылы кеңестік және ресейлік тілші, продюсер, "Жди меня" бағдарламасының идеялық авторы Сергей Кушнерев дүниеге келді;
1983 жылы ресейлік тележүргізуші, актриса және диджей Ксения дүниеге келді.