Аты аңызға айналған футболшы өмірден озды
"Қайрат"-тың ардагер ойыншысы, Қазақ КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушы Леонид Остроушко 83 жасында қайтыс болды (3.12.19), деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қайрат футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап.
Леонид Остроушконың футболдағы карьерасы толығымен "Қайрат" клубында өтті. Алты маусым барысында Жоғары лигада ойнап, 200 матч өкізген, оның ішінде 8 гол соққан. Бірінші лигада өткізген 7 маусымда Остроушко 55 рет айрықша көзге түскен. 1957 жылы жартылай қорғаушы ретінде ойнап жүріп, клубтың үздік бомбардирі атанған.Леонид Константинович ұзақ жылдар бойы "Қайрат"-тың жаттықтырушысы болған. Дәл Остроушконың тұсында 1986 жылы КСРО біріншілігінде "Қайрат" үздік нәтижеге қол жеткізді, КСРО Жоғары лигасында 6-шы орын алды. Одан бөлек алматылық футболщылар 1988 жылы КСРО федерациясы Кубогін ұтады. Ал 2003 жылы Леонид Остроушконың бастамасымен "Қайрат" Қазақстан Кубогінің 5 дүркін иегерлері атанады.
stan.kz