«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
«Қайрат» футбол клубы бас бапкерін отставкаға жіберді. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының бақылаушы кеңесінің төрағасы және Қазақстанның ұлттық паралимпиада комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаев баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.
«Карлос – жоғары дәрежелі маман, оның испан мектебінің тәрбиесін алғаны көрініп тұр. Ол Қайратта болған көптеген мықты мамандардың бірі және бізбен бір жарым жыл бойы бекер жұмыс істеген жоқ. Мүмкін тілдік кедергілер болған шығар, бірақ ол мықты бапкер. Біз негізінен оның жұмысына қанағаттанамыз. Дегенмен, онымен қош айтысуға шешім қабылдадық, өйткені ол биылғы жылдың басты мақсаттары мен міндеттерін орындамады. Оған Қазақстан чемпионатын ұтып, Еуропа лигасының топтық кезеңіне кіру міндеті тапсырылған болатын. Кімнің кінәлі екенін айту қиын. Бұл жағдайда біз бәрі кінәлі деп санаймыз», – деді Қайрат Боранбаев.Енді басшылық алматылық футбол құрамасын танымал қазақстандық футболшы Андрей Карповичке тапсырды. Ол жақында ғана ойынға қатысып, ұлттық құраманың түстерін қорғап шықты.
«Карпович – мықты футболшы. Ал жаттықтырушы қызметіне келер болсақ, Карповичте үлкен ықылас бар және ол білім алуға ұмтылады. Ол Лейпциг университетінің модуліне қатысқан. Маусымның аяқталуына арналған міндет – Қазақстанның Кубогын жеңіп алу. Біз бұл маусымда қазақстандық футболшылармен алғаш ойын көрсетіп, финалға шықтық. Жаттықтырушылар құрамына «Қайрат А» және «Қайрат М» командалары кірді»,- дейді Қайрат Боранбаев.
Stan.kz