«Қайрат» футболшылары Еуропа лигасының матчында чехиялықтардан жеңіліп қалды
Кеше 9 тамызда, алматылық “Қайрат” Еуропа Лигасындағы іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы бірінші кездесуін өткізді.
Бұл туралы vesti.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында алматылық «Қайраттың» футболшылары Чехияның «Сигма» командасынан жеңіліп қалды.
Бірінші ойын Чехияның Оломоуце қаласындағы “Андрув” стадионында өтті. «Сигма» мен «Қайрат» арасындағы кездесуде алматылық футболшылар 0: 2 есебімен чехиялықтардан ұтылып қалды.
Кездесудің бірінші жартысында қайраттық Ғафұржан Сүйімбаев ойын алаңынан аластатылды. Ал 36-минутта «Қайрат» құрамасының қорғаушысы қызыл карточка алып, өз қақпасына қауіпті соққылар әкелді. Бақытымызға қарай, алматылықтар қақпасын қорғап алды.
Бірақ «Сигма» командасының шабуылшысы Вацлав Пилярждың екінші таймның басында қазақстандықтарға бір гол салды.
«Қайрат» құрамасының футболшыларында есепті төмендетуге мүмкіндік болды. Кездесудің 68-ші минутында «Сигма» қорғаушы Михал Вепршек қызыл карточка алып, ойын алаңынан шығарылды. Бұдан кейін “Қайрат” футболшылары біршама шабуыл жасады. Алайда, олардың ешқайсысы жақсы ойын көрсете алмай, жеңіліс тапты.
Айта кетейік, бір аптадан соң, яғни 16 тамызда “Қайрат” пен “Сигма” Алматыда кездеседі. Осы кездесулердің жеңімпазы турнирдің топтық кезеңіне өту үшін “Севилья” (Испания) – “Жальгирис” (Литва) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Stan.kz