» » Қазақ жігіті қол күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Қазақ жігіті қол күрестен әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Түркияда өткен  армрестлингтен әлем чемпионатында астаналық Еркін Әлімжанов екі алтын жүлдеге ие болып, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.


ÒÐ°Ð·Ð°Ò Ð¶ÑгÑÑÑ Òол күÑеÑÑен ÓлемнÑÒ£ ÐµÐºÑ Ð´Ò¯ÑкÑн ÑÐµÐ¼Ð¿Ð¸Ð¾Ð½Ñ Ð°ÑандÑ

Елордадағы «Жігер» спорт клубының спортшысы халықаралық жарыста ардагерлер арасында 75 кел салмақ дәрежесінде өнер оң және сол қолмен күш сынасып, бірінші орынға қол жеткізді.

«Армрестлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында Астанадан «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да өнер көрсетті. Олар қазақстандық команданың қоржынына төрт жүлде салды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Дзеранов 100 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын алды, ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері Әлімжан Мұратов 80 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын, оң қолмен күресте екінші орын алды», – делінеді хабарламада.

Қазақстанның спорт шебері Арман Рахманқұлов 85 келі салмақ дәрежесінде оң қолмен күш сынасып, қола жүлдені иеленді.
Армрестлингтен әлем чемпионаты Түркияның Анталия қаласында 12-24 қазан аралығында өтті. Додаға әлемнің 40-тан аса елінен 1 300-ге жуық спортшы қатысты.


Stan.kz 



23 қазан 2018 ж. 845 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031