» » Коронавирус: Инфекция қарқыны Қытайда бәсеңдеп, Еуропада артып келеді

Коронавирус: Инфекция қарқыны Қытайда бәсеңдеп, Еуропада артып келеді

Жыл басында аспан асты елінде пайда болған коронавирус ғаламды жайлап жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте қатерлі дертке 4 125 адам шалдығып, 203 адам қайтыс болғанын мәлімдеді. Таң қаларлығы, соңғы күндері Еуропа елінде өршіген қауіпті инфекцияның қарқыны Қытайда бәсеңдеп келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Италия билігі елді карантинге жапты. 60 млн халқы бар мемлекетте 3 сәуірге дейін жылжу еркіндігі шектелді және жиындар мен тойлар, жерлеу рәсімдеріне толығымен тыйым салынды.
Бұл коронавирусқа қарсы күресу шаралары Қытайдағы эпидемия басталған сәтті еске түсіреді. Қауіпті инфекция пайда болғанда аспан асты елінің билігі де бірнеше ірі қаланы карантинге жапқан еді.
Қазір Қытайда вирус қарқыны азайса, Италияда қатерлі дертке шалдыққандар саны артып жатыр.
НТВ тілшісі Роман Собольдің пікірінше, коронавируспен күресте қытайлық жаппай медицина еуропалыққа қарағанда әлдеқайда тиімді болып шықты.
Себебі, аспан асты елінде жаңа типтегі пневмониядан қайтыс болғандар саны 3 пайыздан аспаған. Ал Италияда бұл көрсеткіш шамамен екі есе көп.
Негізінде COVID-19 вирусының қарттар мен созылмалы ауруы бар адамдарға жұғу ықтималдығы жоғары. Сонда қиындыққа әбден шыңдалған қытай қарттары италиялықтарға қарағанда әлдеқайда мықты болғаны ма? Жоқ, тек қытайлықтар тәртіпке бағынады. Партия "тексерілу керек" десе, халық бірден іске кірісіп кетеді.
Ал Италияда инфекция тіркелгеннен бері азық-түлік дүрбелеңі басталды. Супермаркеттер кезекке толып тұр.
Еуропа бойынша концерттер мен футбол, көрме, конференциялар уақытша тоқтатылды. Онда коронавирус тіркелмеген бірде-бір ел қалмады.
Қазір өзге мемлекеттер дәл қытайлар сияқты еуропалықтарды да құшақ жая қарсы ала бермейді. Бүгін Израиль елге келіп жеткендерге міндетті екі апталық карантин енгізді. Бұл израильдік туристік бизнеске үлкен тосқауыл болып отыр.
Ал әлем бойынша көптеген круиздік лайнерлер жүзетін түрмеге айналып барады. Мемлекеттер кемелерді қабылдаудан бас тартып жатыр. Күтіп алғанның өзінде ішіндегі жолаушыларды бірден әскери шағын ауруханаларға жөнелтуде.
113 мыңнан астам адамға жұққан қатерлі пневмония салдарынан туристік бизнес тоқырауда, экономика құлдырауда.
Осы тұста экономистер мен саясаткерлер Қытайға баса назар аударып отыр. Олар эпидемия басталған ел әлемдік нарыққа дағдарыстан шығуға көмектесуі қажет деп есептейді.
Себебі, соңғы уақытта аспан асты елінде расымен де аурудан айығу белгілері анықталуда. Вирус жұқтыру деректері де азайып келеді. Кәсіпорындарға жан бітіп жатыр.
ҚХР алаңдардан, зауыттар мен дүкендерден хабар таратуда.
Еске сала кетсек, еліміздің бас санитары болжам бойынша қатерлі аурудың 11-16 наурыз аралығында еліміздің 
аумағында тіркелуі мүмкін екенін атап өтті.
09 наурыз 2020 ж. 370 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930