» » "Төсектер картон қағаздан, ал матрас пластиктен жасалыпты": Қазақстандық спортшылар Токиода қалай тұрып жатыр

"Төсектер картон қағаздан, ал матрас пластиктен жасалыпты": Қазақстандық спортшылар Токиода қалай тұрып жатыр


Токиодағы төртжылдықтың басты додасының басталуына 10 күн қалғанда спортшылар мен әр елдің делегациясы орналасатын Олимпиада қалашығының ресми ашылу салтанатты өтті. Жапониядағы карантин шараларының күшейтілуіне байланысты іс-шараға аз адам қатысты. Stan.kz тілшісі Токиодағы Олимпиада қалашығына саяхат жасады.


Әдетте алғаш келген спортшылар мен делегация өкілдеріне Олимпиада қалашығының ашылуы салтанатты түрде ұйымдастыру дәстүрге айналған. Алайда бұл жолы әлемдегі коронавирус ахуалына байланысты ұйымдастырушылар үлкен іс-шара өткізуден бас тартыпты.

Олимпиада қалашының ашылуы болған соң Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах ұйымдастырушы комитеттің басшысы Сэйко Хасимотомен кездесіп, Жапонияның байрақты бәсекеге дайындығын жоғары бағалады. 

"Бәріміз бір қайықта отырып бір бағытта жүзіп келеміз. Өйткені біздің ортақ мақсатымыз бар. Ол – Олимпиада ойындарын ешкімге қауіп төндірмей өткізу", — деп атап өтті Томас Бах.

Қалашықта бірнеше асхана бар. Спортшылар өзін бабында ұстау үшін фитнес-орталықтары ашылған. Тыйым салынған препараттарды анықтауға арналған допинг-тексеріс пункті бар. Сондай-ақ коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест тапсыратын орын мен инфекиялық стационар да орналасқан. Олимпиада ойындары тамыз айының 9 аяқталады. Жапония билігі жарыс аяқталған соң барлық қатысушыға елде қалуға екі тәулік уақыт берген. Демек, спортшылар Жапония шекарасынан 11 тамызға дейін шығу қажет.

Олимпиадаға аттанған алғашқы лектің қатарында боксшылар бар. Команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев спортшылардың қалай орналасқанын айтып, олимпиада ауылындағы ережелер мен шектеулерге тоқталды.

"Токиода коронавирус инфекциясына байланысты көптеген шектеу енгізілген. Арнайы ережелерді бұзбау керек. Вирустың болмауын қатал қадағалауда.
 
Олимпиада қалашығында бар жағдай жасалған. Тамақтары да жақсы, барша әлем халықтарына арналған тағамдар бар. Біздің бірінші жаттығуымыз далада өтеді. Климатқа бейімделуді бастаймыз. Ал ертеңнен бастап залда жаттығу кестесін берді. Залда жаттығудың да өзіндік ережесі бар. Үлкен жаттығу залы бар екен. Оны да көріп шықтық", - дейді Ғалымбек Кенжебаев ҰОК баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Олимпиада қалашығының тарихына тоқталсақ. Іргетасы өткен жылы қаланған. Бірақ күні бүгінге дейін бос тұрды. Олимпиада аяқталған соң тұрғын үйге айналып, Токионың бір ауданы болады. Жалпы, Олимпиада қалашығында 3 880 бөлме бар, әрқайсысына сегіз спортшыға дейін сыяды. 
"Жапониядағы Олимпиада қалашығының басқаларынан аса айырмашылығы жоқ. Тек бұл жерде коронавирус карантиніне байланысты тыйымдар мен ережелер көп. Спортшылардың жаттығуына дейін кесте сызылған. 
Бүгінгі таңда Қазақстанның 95 спортшысы мен делегация мүшелері Олимпиада қалашығына орналасуға рұқсат алды", – дейді Қазақстан ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов. 
Ұйымдастырушылар жапон менталитетіне тән экологияға ерекше назар аударған. Олимпиада қалашығында көп нәрсе қайта өңделген материалдардан жасалған. Мысалы, төсектер картон қағаздан, ал матрас пластиктен жасалыпты. Бұл төсектер Токио олимпиадасына қатыстын спортшылар жыныстық қатынасқа түспеуі үшін арнайы жасалған. арналған. Explica есептері.
Дереккөздің айтуынша, Олимпиада қалашығындағы спортшылардың бөлмелерінде бір адамға арналған, 200 келіге дейін көтеретін және кенеттен қозғалудан сынатын кереуеттер бар. Оларға секіруге және "тойлауға" болмайды деп атап көрсетілген. Жиһаз дизайны Халықаралық физикалық олимпиада комитетімен (ХОК) "физикалық байланыстың қажетсіз түрлерін болдырмау" үшін мақұлданған.

Бұған дейін 17 шілдеде Токиодағы Олимпиада ауылында коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы анықталған болатын. Шетел азаматының коронавирусқа оң нәтиже бергені атап өтілді. Сонымен қатар, жұқтырған адамның азаматтығы, жынысы және жасы туралы айтылмайды.
Олимпиада коронавирустық пандемияға байланысты бір жылға шегерілді. Ойындар Токиода 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Спортшылар жарыс кешендеріне Жапонияның ірі Toyota компаниясы өндірген автономды e-Palette көлігімен барады. Электрлі шаттлдар Олимпиада қалашығының ішінде, жаттығатын орындар мен жарыс кешендеріне арнайы бағыт бойынша жүреді. Бұл спортшылардың өзара кездесуін болдырмай, барынша байланысатын адамдар санын қысқарту мақсатында жасалған. Бөлмелерде, жаттығу залдарында ауа әр 15-20 минут сайын тазарып отырады. 

Фитнес-орталықтарда, жаттығу залдарында вирус жұқтыру қауіпін азайту мақсатында жаттығу құрылғыларының арасын әйнектей пластикпен бөлінген. Спортшыларға арналған тамақ мәзіріне міндетті түрде жапонның ұлттық тағамдары мен өнімдері қосылған. 
 

Жарыс басталған соң спортшылар мен делегация мүшелері әр үш күн сайын ПТР-тест тапсырады. Оң нәтиже көрсеткендер Олимпиада қалашығының сыртында орналасқан қонақ үйде карантинге жатады. Қазірдің өзінде ұйымдастырушылар тәулігіне 80 000 тест өңдеуге әзірленіп жатыр. 
19 шілде 2021 ж. 2 437 3

Maddison от 31 шілде 2021 09:05
Hi Meet your best Buds - True Wireless Earbuds with amazing sound, convenience, portability, & affordability! Order yours now at 50% OFF with FREE Shipping: musicontrol.online Regards, Maddison "Төсектер картон қағаздан, ал матрас пластиктен жасалыпты": Қазақстандық спортшылар Токиода қалай тұрып жатыр » Жалағаш жаршысы

Sylvester от 10 тамыз 2021 21:38
Get The Worlds Greatest Magic Sand Free Beach Mat! Watch sand, dirt & dust disappear right before your eyes! It's perfect for beach, picnic, camping or hiking. Act Now And Receive A Special Discount For Our Magic Mat! Get Yours Here: magicmat.shop Have a great time, Sylvester "Төсектер картон қағаздан, ал матрас пластиктен жасалыпты": Қазақстандық спортшылар Токиода қалай тұрып жатыр » Жалағаш жаршысы

Rosie от 17 қыркүйек 2021 07:38
Good Morning Full Body Resistance Band Kit - The best and cheapest athletic gear available on the market today. Do a full body workout from the comfort of your home. You don't even need a gym anymore! Save 50% OFF + FREE Worldwide Shipping Shop Now: ametathletics.store Thank You, Rosie

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 815

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031