» » Пхёнчхандағы Олимпиада қалашығында Қазақстанның туы көтерілді

Пхёнчхандағы Олимпиада қалашығында Қазақстанның туы көтерілді


Бүгін Пхенчхандағы олимпиада қалашығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ресми түрде көтерілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша Қазақстанның спорттық делегациясы XXIII қысқы Олимпиада ойындарына ресми түрде келді дегенді білдіреді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев, Қазақстан Республикасы мәдениет және министрлігі өкілдері, спортшылар, жаттықтырушылар, қазақстандық тілшілер қатысты.
Осы қысқы Олимпиада ойындарына 57 жолдама жеңіп алған 46 қазақстандық спортшы қатысады. Олар спорттың тоғыз түрінен сынға түспек. Бүгінгі таңда фристайл-акробатика мен мәнерлеп сырғанаушылардан басқа барлық спортшылар Оңтүстік Кореяға келді. Олар осы аптада келеді.
Олимпиада ойындары кезінде Пхенчхан мен Канында орналасқан екі олимпиадалық қалашық бар. Пхенчхандағы тау кластерінде шаңғы спортынан жарыстар өтсе, жағажай кластері саналатын Канында конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, хоккей мен керлингтен жарыстар өтеді.
Ертең алғашқы қазақстандық спортшы жарыс жолына шығады. Тұғырдан секіруші Сергей Ткаченко іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.
Еске сала кетсек, қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ақпанның 9-да Пхенчхандағы Олимпиадалық стадионда болады. Еліміздің көк байрағын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады. Ақпанның 29-на дейін жалғасатын Олимпиадада спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандық спортшылар тоғыз спорт түрінен қатысады.









Baq.kz
07 ақпан 2018 ж. 1 085 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031