» » Дәрігер тез ұйықтап қалудың қарапайым әдісін айтты

Дәрігер тез ұйықтап қалудың қарапайым әдісін айтты

Ұйқыны жақсартуға көмектесетін "формула" бар.

Британ денсаулық сақтау қызметінің дәрігері Каран Радж тез ұйықтап, сергек ояну үшін не істеу керектігін айтты. Оның пікірінше, "10-3-2-1" формуласын қолдану қажет, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бұл әдіс ұйқыға дейін 10 сағат бұрын кофеин қосылған сусындардан бас тартуды қарастырады. Бұл затты ағзадан шығару үшін осынша уақыт қажет. Сондай-ақ ұйқыға жатар уақытқа үш сағат қалғанда тоя тамақтанудан бас тарту керек. "Бұл қыжылды (изжога) болдырмауға және түнде оянып кетпеуге көмектеседі", - деді Радж.

Сонымен қатар дәрігер "тез ұйықтауға" кедергі келтіретіндіктен алкоголь ішпеуге кеңес берді. Ұйықтар алдында екі сағат бұрын жұмысты тоқтатыңыз. Бұл бойды еркін ұстауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды маман. Ұйықтардан бір сағат бұрын телефонды қою керек.


09 тамыз 2021 ж. 795 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930