» » Кабул әуежайында зымыран шабуылы болды

Кабул әуежайында зымыран шабуылы болды

Шетелдік БАҚ Ауғанстан астанасы аумағында зымыран шабуылы болғанын хабарлады. Бұл жолы Кабул әуежайы оққа ұшты.


Дүйсенбі, 30 тамыз күні Ауғанстан астанасының халықаралық әуежайына бес зымыран ұшырылды, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәліметтер бойынша, шабуыл қаланың солтүстік бөлігінде болған. Куәгерлердің айтуынша, зымырандар әуежай маңындағы Салим Карван аймағына түскен.

Басылымның хабарлауынша, барлығы бес зымыран ұшырылған. Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, олардың төртеуі АҚШ-тың C-RAM әуе қорғаныс жүйесі арқылы атып түсірілген. Олардың бірі өз мақсатына жетті деп болжануда.

Америка Құрама Штаттарынан зардап шеккендер болған жоқ. Соққылардың артында кімдер тұрғаны және бейбіт тұрғындардың құрбан болғандары әлі белгісіз.
30 тамыз 2021 ж. 1 160 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 734

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930