» » Қан тобын ашқан адам

Қан тобын ашқан адам

Ерте жарынан айырылған ол, бар күшін ұлын тәрбиелеуге арнаған. 1885 жылы Карл гимназияны аяқтаған соң, Вена Университетінің медицина мектебіне оқуға түседі. 1891 жылы ол медициналық дипломды қолына алғанымен, оны медицина қызықтырмайды. Жас ғалымды химия, соның ішінде органикалық химия мен биохимия қызықтыра түседі. Бес жыл ішінде Мюнхен, Цюрих пен Вюрцбург зертханаларында қызмет етіп, өзінің біліктілігін арттыра түседі. Германия мен Швейцарияда тәжірибе жинақтап, зерттеу жасауды, олардың нәтижесін орынды қолдана білуді меңгереді. 1896 жылы Ландштейнер Аустралияға қайта оралып, өзі білім алған университет қабырғасында гигиена кафедрасында қызмет ете бастайды.Химия әлеміндегі шексіз қызығушылығын ол бір ортаға сыйдырады. Ол иммунология еді.  
1898 жылы Ландштейнер  патологиялық  анатомия кафедрасына ауысады. Бұл жерде ол тәжірибені еркін жүргізу мүмкіндігіне ие болады. Ғылыми жетекшісі атақты бактериолог, менингит пен өкпе дертінің қоздырушыларын тапқан Антон Вейхсельбаум болады. Оның көмекшісі болып жүрген Карл бірнеше ота жасау арқылы анатомия мен медициналық патологияны тереңнен зерттей түседі. Жас ғалым уақыт өте келе иммунология саласы бойынша зерттеу жұмысын жалғастырады.  Карл Ландштейнер адамның қан тобын ашты. Топтар – иммунологиялық белгілеріне сәйкес бір-бірінен ерекшеленетін қан түрлері. Бұл ашылуға дейін бірнеше ғалым өздерінің осы салаға байланысты жекеленген жаңалықтарын ұсынады. Мысалы, 1890 жылы "Нобель" сыйлығының лауреаты Эмиль фон Беринг адам қанында жұқпалы дерттен соң немесе екпеден соң қозатын антидененің бар екенін анықтады.
Одан бөлек олар қоздырғыш микроағзалармен байланысып, оларды жансыздандыратынын да айтқан. 1896 жылы Жюлб Борде агглютинация құбылысын ашты. Жануардың қанын өзге жануарға құйған кезде болған эритроциттердің жабысып қалуын анықтаған ғалым Борде мұны жануардың реципиенті донор-жануардың нәруызы мен антигеніне қарсы антидене тудыратынымен түсіндірді.   Карлдің ғылыми ашылу барысында жасаған алғашқы қадамын 1900 жылы шыққан жұмысы арқылы түсіндіруге болады. Мақаласында өзге адамның қан плазмасын өзге қан эритроцитімен араластырғанда болған агглютинация құбылысын сипаттаған.
Зерттеуші мынадай қорытынды жасады: бұл құбылыстың физиологиялық ерекшелігі бар. 1901 жылы зерттеуші адам қанын үш топқа жіктейді: А, В және С. Кейін бұл қатарға төртінші қан тобы АВ қосылып, С тобын О белгісіне ауыстырады. Ландштейнер А және В деп аталатын іріткілерді эритроцитке араластырады: Ол О тобының анти-А, анти-В іріткелерімен жабыспайтынын байқайды. Ал, АВ тобының эритроциттері керісінше. А тобының эритроциттері анти-А іріткісімен агглютинация құбылысына түссе, анти-В іріткісімен өз қалпын сақтайды.  Осылайша бірнеше сынақтан соң, адамға қан құю жүйесін түсініп, оның сызбасын жасайды. 1914 жылы Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталмас бұрын натрий цитратының артықшылығын байқайды. Оны қанға тамызу арқылы оның ұюын анықтауға болады. Осылайша донор қанның артықшылығы мен ерекшелігі бірнеше жылдық үздіксіз еңбек пен зерттеу нәтижесінде пайда болады.
Бұл зерттеу жұмысы медицина ғылымында алға ілгері қадам жасауға септігін тигізді. Қан тамырларына, жүрекке, өкпеге ота жасауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, зерттеу барысында қан тобы тұқым қуалайтын белгі екені анықталды. ДНҚ тестіне ұзақ жылдар бойына дейін қан арқылы ата-ананы анықтау тесті жүзеге асты. Осы еңбегі үшін 1930 жылы  ғалым Нобель сыйлығына ие болады. Ал, 1943 жылы Нью-Йорк қаласында қаза табады. Сіздің қан тобыңыз қандай? Ол туралы қандай ақпарат білесіз, бөлісуді ұмытпаңыз.

Massaget.kz
14 мамыр 2018 ж. 1 488 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930