» » Ғалымдар адамның организмінде екінші «ми» барын анықтады

Ғалымдар адамның организмінде екінші «ми» барын анықтады


Аустарлиялық ғалымдар адам организмінен екінші «миды» тауып алды. Тоқ ішекте орналасқан миллиондаған нейрондар асқазан-ішек жолдарының жұмысын бақылайды.

Бұл туралы sciencealert.com басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Ғалымдар ішектің жиырылуын зерттей келе, бұл нейрондардың электрлік импульстер таратып, ішекті жиырылуға мәжбүрлейтінін анықтаған. Ал оның бұл қызметі орталық нерв жүйесінен бөлек атқарылады екен.
Бұл нейрондарда өзіндік жүйке тізбектері бар және орталық нерв жүйесіне асқазан-ішек жолдарының жұмысын бақылауға көмектеседі.
«Бұл шынымен де өз алдына жеке ми», – дейді ғалым Ник Спенсер.
Оның айтуынша, оны, тіпті, «бірінші ми» деп те атауға болады. Себебі эволюция барысында ол бас миынан бұрын пайда болған екен.
Сонымен қатар ғалымдардың сөзінше, тоқ ішектегі орталық нерв жүйесінде шамамен 400 мың нейрондар бар.

http://stan.kz
02 маусым 2018 ж. 2 160 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930