» » «Канело» допинг дауы және Головкинмен жекпе-жекті бұзғаны үшін тағы жазаланды

«Канело» допинг дауы және Головкинмен жекпе-жекті бұзғаны үшін тағы жазаланды


Бокс туралы жазатын (BWAA) америкалық журналистер қауымдастығы барлық салмақ дәрежесі бойынша әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін (P4P) шығарды.

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аталған тізімде бұрынғы үш көшбасшының есімі өзгеріссіз қалды. Онда, бірінші болып украиналық Василий Ломаченко тұрса, екінші орында америкалық боксшы Теренс Кроуфорд және үшінші орында қазақстандық Геннадий Головкин тұр.
Ал, мексикалық боксшы Сауль Альварес, журналистердің дауыс беру қорытындысы бойынша төрт позицияны жоғалтып, сегізінші орынды иеленді. «Канелоның» мұндай құлдырауға кетуі Головкинмен өтетін жекпе-жектің алдында анықталған допинг пен бокстан алты айға шеттетілуі себеп болып отыр.
Қауымдастың веб-сайтында «BWAA-ның көптеген мүшелері Альваресті мүлдем көрсетпей, оған қарсы шықты. Ол сайлау бюллетендерінің 50 пайызынан азын жинағандардың қатарына енді»,- деп түсіндіреді.
Ал аталған ТОП-10 тізімі мынадай:
1. Василий Ломаченко (11-1-0, 9 КО) – 145 ұпай;
2. Теренс Кроуфорд (32-0-0, 23 КО) – 124;
3. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) – 122;
4. Эррол Спенс (23-0, 20 КО) – 79;
5. Майки Гарсия (38-0, 30 KO) – 74;
6. Срисакет Сор Рунгвисаи (45-4-1, 40 KO) – 47;
7. Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) – 42;
8. Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) – 42;
9. Наойя Иноуе (16-0, 14 КО) – 36;
10. Кит Турман (28-0, 22 КО) – 31.


http://stan.kz
12 маусым 2018 ж. 794 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30