Қыс түспейтін Аустралияда жаздыгүні қар жауып, тұрғындардың зәресін алды
Күні кеше ауа температурасы минус 4-ті көрсетіп, Мельбурнде ең төменгі ауа температурасы тіркелді. Өзге аймақтарда жаз басталған шақта, Мельбурнде қар жауған. Мұндай ауа-райы аймақта осыдан 150 жылдай уақыт бұрын тіркелген көрінеді.Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Аймақта қатты жел тұрып, жаңбыр аралас қар жауған. Сондай-ақ, Сиднейде де ауа температурасы күрт төмендеп кеткен.
Бұл уақытта Алясканың өзінде сынап бағанасы 13 градус жылы температура көрсеткен. Сондай-ақ, Исландияда 8, Перуде 17, Ирландия мен Норвегияда 14, ал Парижде 17 градусты көрсеткен болатын.
Жалпы тарихқа көз жүгіртсек, Мельбурнде ең төменгі ауа температурасы минус 2,8-ді көрсеткен. Бұл жағдай 1869 жылдың 21 шілдесінде тіркелген.
Stan.kz