» » Келесі аптада аяз басылып, күн жылынады

Келесі аптада аяз басылып, күн жылынады


Осы аптаның соңында еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығында ауа температурасы минус 7-15 градусқа дейін көтеріледі.
Қазақстанның көптеген өңірлерінде қалыптасқан қатты аяз басылады, деп хабарлайды 
BNews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
29 қаңтардан 30 қаңтарға дейін аяз Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында босаңсып, аптаның аяғында ауа температурасы -35-41 градустан -15-23 градусқа дейін, түнде -25-33 градустан -7-15°C дейін көтеріледі.
Оңтүстік аймақтарда түнгі температура -21-35 градустан -5-13°C, күндіз -15 -2-ден -2 + 3°C дейін көтеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтарда синоптиктер орталық, солтүстік және шығыс облыстарда қатты аяз болатыны туралы дауылды ескерту жасаған болатын. Одан кейін қатты аяз еліміздің оңтүстік аумақтары Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына да жетіп, 29 қаңтарға дейін осы ауа-райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
28 қаңтар 2018 ж. 887 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930