» » Мексикадағы аптап ыстық 70 адамның өмірін қиып кетті

Мексикадағы аптап ыстық 70 адамның өмірін қиып кетті


Мексиканың Төменгі Калифорния Солтүстік штатындағы Мехикали қаласы аумағында 70-тен астам адам аптап ыстық салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.

Milenio газетінің жазуынша, 1-31 шілдеде ауа температурасының жоғары болуы салдарынан 25-60 жас аралығындағы 73 адам ажа құшқан, олардың алтауына күн өткен. Өңірлік сот-медициналық сараптама қызметінің үйлестірушісі Сесар Рауль Гонсалес Ваканың сөзіне қарағанда, қайтыс болғандардың көбісі жүрек-қан тамырлары жүйесіне, бүйрек немесе өкпе ауруларына шалдыққан. Өткен аптаның соңында Мексиканың көптеген өңірлерінде аптап ыстық салдарынан төтенше жағдай режімі енгізілді. Бұл шешім штат билігіне азаматтарға көмек көрсету үшін арнайы қор ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік берді.


inform.kz
02 тамыз 2018 ж. 949 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31