О дүниеге барып қайтқан науқас әйел Жаратушыны көргенін айтуда
АҚШ-та Альма есімді әйел қатты күйзелістен түрлі дәрілерді ішемін деп өмірімен қош айтыса жаздады. Аз уақытқа жүрегі тоқтап қалған ол Жаратушыны көргенін айтуда. Бұл туралыNUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Емханада есін жиған әйелдің сөзіне сенсек, ол о дүниеде ғажайып бақты көрген. Бақта сарқырама болыпты. Қайтыс болған туыстары да сонда жүр екен.
Одан бөлек ерекше жарықты көрген әйел оны Жаратушының көзі деп ұққан. Мейірімге толы Құдай әйелге әлі уақыты келмегенін айтқаннан кейін ол емханада есін жинапты.
Дәрігер Сэм Парния бұл жайтты тек адамның қиялы деп санайды. Ол әйелдің сөзінің растығына күмәнмен қарауда.
https://kaz.nur.kz
Пікір 2