Түріктер АҚШ санкциясына жауап ретінде iPhone телефондарын өртеуде
Түркия тұрғындары Apple телефондарын өртеп, ол сәтті видеоға түсіріп жариялауда.
Желіге тараған видеоларда бірнеше түрік жігіті темір құралмен Apple ұрып, сындырып жатыр. Олар Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды қолдайтынын білдіріп, америкалық санкцияға қарсылық білдірді.Өткен аптада түрік сатушылары Apple технологиясын елге экспорттауды тоқтатты.
Ірі сауда орталығының бірі 50 млн доллар сомадағы тапсырыстан бас тартты. БАҚ мәліметінше, ел президенті өзге брендке көшуге кеңес берген.
Бұған дейін Түркия АҚШ санкциясына жауап ретінде америкалық электронды өнімдерге бойкот жариялаған еді. Ердоған АҚШ президентінің Түркияға «экономикалық шабуыл» жасап жатқанын айтты. АҚШ басшысы Дональд Трамп түрік лирасы құнсыздану үшін алюминий мен болатқа баж салығын арттыру туралы шешім шығарды. Ал, Түркия АҚШ-тан келген темекі, опа-далап, араққа баж салығын екі есе өсірді.
Бұған дейін Түркия тұрғындары долларларды өртеп, АҚШ санкциясына қарсылығын білдірген еді.
Stan.kz
Stan.kz