Жұмыссыз мұғалім лотереядан ұтыс ұтып, енді зейнетке шықпақшы
Австралияда жолы болмаған жұмыссыз мұғалім лотереядан жүлделі болып, енді зейнетке шықпақшы, деп жазады Stan.kz.
Батыс Австралияның астанасы Перт штатының тұрғыны лотореядан жүлделі болды. Жұмысынан айырылған ер адам өміріндегі түрлі қиындықтардан кейін осындай үлкен олжаға кенелемін деп мүлде ойламаған-ды. Ол алғашында бұған сенер-сенбесін білмегенін мойындады.
«Менің өмірімде көптеген қиындықтар орын алып, жолым болмай жүрді. Тіпті, лоторея билетіндегі алғашқы алты санның төртеуі сәйкес келгенде де, жүлделі боламын деп ойламадым», – деді ол.
Дегенмен, ол отбасының көзінше лотореядан 188 300 000 теңге ұтып алғанын растады.
Ер адам өмірінде ешқашан сәттілікке кезікпегендіктен, ұтыс ұтып алуы мүмкін емес деп ойлап лотерея билетін сатып алғысы да келмеген. Ол бұл ұтыс шыдамдылығы мен табандылығы үшін берілген марапат деп есептейдіі.
«Мен өмір бойы мұғалім болып жұмыс істедім, бірақ соңғы айларда еш жерден орын таба алмай жүрдім. Жұмыссыздық, оның үстіне зейнетке шыққанда өзімді қалай асыраймын деген сенімсіздік мені күйзеліске түсірді»,-дейді мұғалім.
Ер адам жүлделі болғанын естігеннен кейін «қатты қуанғанын» мойындады және енді ол ақшаны ақылмен жұмсауға тырысатынын айтты. Осылайша, олжаға кенелген мұғалім енді жұмыс істемеймін деген шешімге келді.
Stan.kz
Пікір 2