» » Facebook басшысынан ақша бопсалаған америкалық ұсталды

Facebook басшысынан ақша бопсалаған америкалық ұсталды



Бейсенбі күні Facebook компаниясынан ақша бопсалау бойынша айыпталған америкалық азамат ұсталды. Жұма күні күдіктінің ісіне қатысты сот өтеді, деп жазады inform.kz.

45 жастағы Пол Челья 2010 жылы Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукербергке қарсы азаматтық қуыным берген. 2003 жылы Уэллсвилл (Нью-Йорк штаты) қаласының тұрғыны сол кезде Гарвард университетінде оқып жүрген Цукерберг оған вебсайттың жартысын беру туралы келісімшартқа қол қойғанын айтқан. Судьялар азаматтың дәлел ретінде көрсетілген келісімшартының түпнұсқасы жасанды екенін анықтаған.

2012 жылы Челья жалған құжаттар жасап, жеке компания мен оның негізін қалаушысынан ақша жымқыруға тырысқаны үшін сотқа тартылған болатын. Сот процесінің басталуына 2 ай қалғанда сотталушы азамат қайда жүргенін бақылауға арналған электрондық білезікті аяғынан шешіп тастап, отбасымен бірге АҚШ-тан қашып кеткен. Міне енді алаяқ Эквадорда қолға түсті. 


ERNUR.KZ


24 тамыз 2018 ж. 700 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031