» » Жас жігіт сирек кездесетін ауруына байланысты 20 жылға жуық тек екі түрлі тағам жеді

Жас жігіт сирек кездесетін ауруына байланысты 20 жылға жуық тек екі түрлі тағам жеді

Британдық жігіт сирек кездесетін ауруына байланысты 17 жыл бойы тауық етінен жасалған наггетс пен қуырылған картоп жеп келді. 20 жылға жуық осы тағамдардан басқа асты мүлде аузына алмаған Райан Ховарт осы әрекетіне байланысты ақыры отбасымен жалжалдасып қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.



Андовер қаласының Гэмпшир графтығында тұратын жігіт төрт жасынан бері жылдам әзірленетін тағамнан басқа ешқандай тамақты жегісі келмеген. 21 жастағы Ховарт тек арасында ғана стейк, шұжық, макарон немесе конфет жеп жүрді. Бірақ оның тамақтану рационының 90 пайызы нангеттер мен картоптан тұрды. Егер оған басқа бір тағамды ұсынса, ол 20 минут бойы шу көтеріп, оны жеуден үзілді-кесілді бас тартып отырған.

«Басқа тағамдарды жеп көрсеңші десе, мен қарапайым адамдар жәндіктердің дәмін татып көру секілді ұсыныстарға қандай жиіркенішпен қараса, мен де басқа тамақтарға солай қараймын. Басқа тағамдар маған тым таңсық көрінді», – деп түсіндірді жігіт.

Райан өмір бойы оның денсаулығына алаңдап жүретін ата-анасымен тамақтану тәртібіне бола жиі ұрысатын. Ол ешқашан отбасылық тағамдардан дәм татып көрмеген және тек бөлмесінде ғана тамақтанып жүрді.

Бірақ, Ховарт есейгенде оның тамақтану үрдісінің бұзылғаны байқалды. Жас жігіт психотерапевттің қабылдауына бірнеше рет барғаннан кейін, тамақтануға қатысты психологиялық кедергіні жеңе алды.
«Бұл керемет, бірақ маған бұрын қараудың өзі жиіркенішті болған тағамдар ұнай бастады. Дәмді ме, дәмсіз бе қарамай барлық тағамның дәмін татып көремін», – дейді британдық жігіт.
Сондай-ақ, ол басқа тағамдарды тұтына бастағаннан кейін өзін әлдеқайда сау және күшті сезінетінін айтты.

Stan.kz




28 тамыз 2018 ж. 797 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930