» » Британдық «экстремалды кайықшы» 39 метрлік сарқырамадан секіріп, рекорд орнатты

Британдық «экстремалды кайықшы» 39 метрлік сарқырамадан секіріп, рекорд орнатты


Брен Ортон жіңішке және жеңіл байдарка қайығымен ең жоғарғы сарқыраманы кесіп өтіп, Британдық рекордты орнатты. Ол BBC тілшісіне Big Banana Falls деп аталатын Мексикадағы сарқырамадан 60 миль жылдамдықпен төмен қарай құлдыраған сәті туралы айтып берді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

«Сарқырамадан төмен қарай құлағанда менің қайығым ағынды екіге жарып келе жатты. Төменгі жаққа жақындай бергенімде ойымдағы сенімсіздік пен қорқыныштың барлығы ғайып болды. Бұл кезде мен ештеңе ойламауға болатын, тек жету туралы аңсаған әдемі сәтті бастан кешірдім. Төменге жеткенше ауадағы қалыпта болып тұрдым. «Ауадағы қалыпта болу» деген терминді білмесеңіз, ұялы телефоныңызды немесе жеп отырған тағамды ішіп отырған шайға түсіріп алған сәтті еске алыңыз. Мен де сол күйді бастан кештім, бірақ өте баяу қозғалыста. Барлығы баяу қозғалыста өтіп жатқанын ойлап, төменге жетерде «мен әлі ауада тұрмын ғой» деп күбірледім. Мен төменде жатқан суға 60 миль жылдамдықпен түстім, бұл өте үлкен қақтығыс болды. Шынымды айтсам, тап бұлай бала күнімде боқтағаным үшін анамнан таяқ жегеннен кейінгі екінші соққым шығар. Қайықпен сарқыраманы жарып жерге жетудегі басты мақсат, бұл әрекетті барынша баяулату арқылы суға мейілінше тереңдеп ену. Бірақ судың ішіне тым терең еніп кетсең де болмайды, себебі денеңді қатты ауыртады. Ал суға түскеннің ертеңіне екі күн жол апатына түскендей мойнымды ала алмай жүрдім. Алайда мен өзімді ауыр жүктен арылғандай, ештеңе ойламай, өте жақсы сезіндім», - деді ол.

22 қаңтар 2018 ж. 855 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930