» » 60 жыл бұрын айырылысқан ғашықтар әлеуметтік желінің арқасында табысты

60 жыл бұрын айырылысқан ғашықтар әлеуметтік желінің арқасында табысты

60 жыл бойы бір-бірінен хабары болмаған британдық Эрик пен Элейн әлеуметтік желінің арқасында табысты. Осыдан 60 жыл бұрын айырылысқан бұрынғы ғашықтар, бір-бірін Facebook желісі арқылы тауып отбасын құрды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.





Эрик 7 жаста болғанда әпкесінің ең жақын құрбысы Элейнге ғашық болған. Бірақ, бала Элейннен екі жас кіші болғандықтан, оған өз сезімін білдіре алмады. Алайда, ұлының ғашық екенін білген Эриктің анасы екеуінің де жас болғанына байланысты баласына ол қызбен араласуға тыйым салған.

Мектеп бітіргеннен кейін Эрик пен Элейн арасындағы байланыс үзіліп, олар шамамен 60 жыл бойы араласпады. Алайда, бұрынғы ғашықтар бір-бірін әлеуметтік желі арқылы тауып алған кезде бәрі өзгерді.

«Егер Facebook болмаса, біз ешқашан бір-бірімізді таппас едік», – дейді Эрик.

Осынша жыл өткеннен кейін қайта қауышқан ғашықтар уақыт жоғалтпай үйленуді жөн көрді. Олар үйлену тойларын өздері оқыған мектепте жасады. Бүгінде бұл ғимарат іс-шараларды өткізуге арналған қоғамдық орталыққа айналған көрінеді.

Stan.kz



17 қыркүйек 2018 ж. 767 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930