» » 49 күн бойы лашығымен ашық теңізде қалқыған жасөсіпірім аман қалды

49 күн бойы лашығымен ашық теңізде қалқыған жасөсіпірім аман қалды

49 күн Ð±Ð¾Ð¹Ñ Ð»Ð°ÑÑÒÑмен аÑÑÒ ÑеңÑзде ÒалÒÑÒан жаÑÓ©ÑÑпÑÑÑм аман ÒалдÑ

Индонезияда жасөспірім дауыл көтеріп әкеткен лашықпен 49 күн бойы ашық теңіздің бетінде қалқып жүрді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Сулавеси аралында тұратын Алди Новел Адилан жағалаудан 125 км қашықтықта орналасқан балық аулауға арналған лашықта жұмыс істейтін. 19 жастағы жас жігіт балықтарды тартатын жарықтың үнемі жанып тұруын қадағауы керек болатын. Адиланның әкесінің айтуынша, жас жігіт онда 16 жасынан бастап жұмыс істеп келеді. Әр апта сайын оған балық аулаушылар келіп, ауға түскен балықтарлы алып, жігітке азық-түлік, су, көмір тастап кетеді.
Шілде айының ортасында қатты дауыл соғып, лашықты мұхит көтеріп әкетті. Алайда, ашық теңізде жалғыз өзі қалған Адиланда тек бірнеше күнге ғана жеткілікті азық болды. Содан кейін ол балық аулап, жылыну және тағам пісіру үшін лашықтың бөліктерін жағып әрекет етті. Ол теңіз суының тұздылығын азайту үшін оны киім арқылы сүзді.
Осакадағы индонезиялық консулдықтың мәлімдеуінше, жігітті Гуама суларынан құтқарып алғанға дейін оның жанынан он кеме жүзіп өткен. Адилан алдымен капитанның назарын аударуға тырысып киімін лақтырып, артынан радио сигнал жіберген.
49 күн бойы азықсыз ашық теңізде қалқып жүрген жігіт сол лашықта өлетініне сенімді болғанын мойындады. Ол тіпті, не істерін білмей өзіне қол салмақшы да болған. Бірақ, қиын сәттерде дұға ету керектігін айтқан ата-анасының кеңесін есіне түсіріп, ойынан бас тартты. Бұған лашықтың ішінде жатқан Киелі кітап көмектесті, дейді жігіт.
Капитан жас жігітті судан көтергеннен кейін Гуам жағалауының гвардиясына хабарласты. Кеме Жапонияға жол тартқандықтан, Адиланды индонезиялық консулдықтың өкілдеріне тапсыруды шешті.


Stan.kz






24 қыркүйек 2018 ж. 855 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930