Еуроодақтың қара тізімінен шықты 23 қаңтарда Брюсселдегі Еуропалық одаққа мүше елдердің қаржы министрлері қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуде және салықтық қылмыстармен күрес бағытында жеткілікті шара қолданбаған мемлекеттердің «қара тізімнен» кейбір елдерді шығару жөніндегі мәселені қарады, - деп хабарлайды МОНЦАМЭ.Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Моңғолия Үкіметі Еуроодақ талаптарын орындау мақсатында алдағы екі жыл көлемінде елдегі салық ережелерін өзгертеміз деп уәде берген. «Енді Моңғолия мен Еуроодақ елдері арасында ынтымақтастықты арттырып алыс-беріс орнатуға ешқандай кедергі жоқ»,- деп хабарлайды Моңғолияның Сыртқы істер министрлігі. Қара тізімнен Моңғолиядан басқа Оңтүстік Корея, БАӘ сияқты барлығы жеті мемлекет шығарылған. Әлем 24 қаңтар 2018 ж. 768 0