Нұрмағамедовке төбелескені үшін қанша айыппұл салынатыны белгілі болды
Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) басшысы Дэйн Уайт журналисттерге берген сұхбатында ирландиялық Конор Макгрегормен өткен айқастан кейін төбелес ұйымдастырған ресейлік Хабиб Нұрмағамедовке қанша айыппұл салынатынын айтты, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
UFC президенті Дэйн Уайт ресейлік Хабиб Нұрмағамедовке ирландиялық жауынгер Конор Макгрегормен болған айқастан кейін төбелес шығарғаны үшін шамамен 250 мың доллар айыппұл салатынын айтты. Ал Невада атлетикалық комиссиясы жеңіл салмақ бойынша UFC чемпионы атанған жеңімпаздың жүлдесін тартып алмайтын болды.Дэйн Уайт сондай-ақ, Нұрмағамедов чемпиондық белбеуін сақтап қалғанымен, бірақ белгілі бір уақытқа дейін жарыстарға қатысу құқығынан айырылатынын түсіндіріп өтті. Ресейлік жауынгер 4-6 айға жарыстан шеттелуі мүмкін.
Айта кетейік, Макгрегор да айқастан кейінгі төбелеске қатысқаны үшін жазалануы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.
Stan.kz