Антарктиданың – 60 ℃ суығында тағамдар бірнеше минутта қатып қалды (фото)
Тағамдарды бірнеше минутқа ауа температурасы – 60 ℃ жететін станциядан тыс жерге қалдырған.
Антарктидалық «Конкордия» станциясында тәжірибе жүргізілген – ғалымдар кеспені дайындап оны зерттеу мұнараларының біріне бірнеше минутқа қалдырған. Станциядан тыс жерде ауа температурасы – 60 ℃ дейін жетеді, сондықтан тәжірибе нәтижесін көп рет фотоға түсіруге мүмкіндік болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы REGNUM жазады. Мұндай тәжірибеге зерттеушілерді желі қолданушысының 2017 жылы канадалық Йеллоунайф қаласынан тез дайындалатын кеспені таяқшаларымен бірге қатып қалғанын көргені туралы әңгімесі итермелеген. Бөлектеу мен экстремалдық температураның адам денесіне әсерін зерттейтін доктор Кармен Поссинг бұл тәжірибесін тамаққа да қолданып көрді. Тәжірибе нәтижесінің суреттерімен әлеуметтік желіде бөліскен.
Антарктидалық «Конкордия» станциясы – 2005 жылы ашылған француз-италияндық зерттеу базасы. Станция өзінің қаһарлы табиғаттық жағдайымен ерекшеленеді: тіпті ауа температурасы – 80 ℃ дейін жетеді, қыс мезгілінде төрт ай бойы көкжиектен күннің көзі көрінбейді.
Stan.kz