Шешенстан президенті 4000 рет денесін жерден көтерген балаға «Мерседес» көлігін сыйлады
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров 5 жасар Рахим Куриевке «Мерседес» көлігін сыйлады.
“Сені әкең осы көлікпен алып жүрсін. Сен оған лайықсың”, – деді Қадыров Рахиммен кездесу кезінде.
Жас спортшы 5 мың рет денесін жерден көтере алатын қабілетін көлік алдында дәлелдеп берді.
12 қараша күні Рахим Куриев Шешенстанның Дуба-Юрт ауылында үзіліссіз 4105 рет денесін жерден көтеріп, әлемдік рекорд орнатқан еді. Бұл жатығу үшін 2 жарымсағат уақыт кетті. Алайда кейбір ескерулер жасалмағандықтан Ресейдің рекордтар кітабына енбей қалды.

Рамзан Қадыров жас спортшыға алғысын айтып, Рахимнің арнайы комиссиялар алдына бұдан да жақсы көрсеткішке жететініне сенім білдірді.
Рахим жаттығуды 5 мың рет жасағысы келіпті. Алайда оған жеткен жоқ. Дегенмен былтырғы жылы рекорд орнатқан Элистадан шыққан Бату Боктаевты басып озды. 2015 жылы Бату 4050 рет денесін көтерген. Ал, оған дейін әлем бойынша 7 жасар бала екі жарым сағатта 4000 рет денесін жерден көтерген еді.
Stan.kz
Пікір 2