Жолаушының таксиде қалған әмиянын кайтарып беру үшін оны 8 сағат күткен жүргізушіге көлік ұсынылды
Мәскеуде таксиде әмиянын ұмытып кеткен иесін сегіз сағат күткен қырғызстандық жүргізушіге тегін көлік ұсынды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі IZ.RU порталына сілтеме беріп.
Такси жүргізушісіне «Ситимобил» көлік агерогаторы ерекше ұсыныс жасады. Егер ол аталған компанияда жұмыс істеуге келісімін берсе, одан бір ай бойы комиссия көлемін алмайтындарын мәлімдеді. Компания басшыларының айтуынша, сегіз сағат күткен такси жүргізушісінің оқиғасы оларды қатты тебіренткен.
«Такси тұтынушыларын ойлау – жүргізушінің ең басты міндеті, сондықтан бұл такси жүргізушісінің әрекеті басқа қызметкерлерге үлгі болады», – дейді олар.
Естеріңізге салсақ, Мәскеу қаласында қырғызстандық такси жүргізушісі жолаушының автокөлікте қалып кеткен әмиянын кайтарып беру үшін оны сегіз сағат күткен. Бұл оқиғаны әмиянның иесі Варя Кузнецова өзінің желідегі парақшасында жазған еді.
Stan.kz
Пікір 2