» » Әйел науқастанып қалған туған әкесін айдалаға апарып тастап кеткен

Әйел науқастанып қалған туған әкесін айдалаға апарып тастап кеткен

Жапонияда әйел қарт әрі науқас әкесін үйінен 70 шақырым алыс жердегі тасжолдың бойында тастап кеткен.



Óйел наÑÒаÑÑанÑп ÒалÒан ÑÑÒан ÓкеÑÑн айдалаÒа апаÑÑп ÑаÑÑап кеÑкен

Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.

Оцу қаласында тұратын 46 жастағы Ритсуко Танака жұмыссыз жүр. Ол 79 жастағы әкесін Кобе қаласының шетіндегі техникалық қызмет көрсету стансасының маңына апарып тастап кеткен. Артынша станса қызметкерлері тасжолдың бойында отырған  қарияны көріп, оның есімі мен мекен жайын білуге тырысады. Алайда Альцгеймер дертіне шалдыққан қария өзіне қойылған сұрақтарға жауап бере алмаған. Тек қызының есімін ғана айтыпты.
Станса қызметкерлері полиция шақырған. Мұнан кейін тәртіп сақшылары Танакамен хабарласып, оны науқас әкесіне қамқор болмады деп айыптады.
Әйел әкесін айдалаға апарып тастап кеткенін растады.

«Ол менімен бірге тұрғанша, оны тұтқындап, қарттар үйіне апарғаны жақсы деп ойладым», – дейді Танака.

Полиция оны ұстап, қамауға алды.

Stan.kz



30 қараша 2018 ж. 932 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930