» » Науқас дәл ота үстінде дәрігерге ақша төлеуге мәжбүр болды

Науқас дәл ота үстінде дәрігерге ақша төлеуге мәжбүр болды

Қытайда хирург науқасты дәл ота ортасында ақша төлеуге мәжбүрледі және ақшаны алмайынша рәсімді жалғастырудан бас тартты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.


ÐаÑÒÐ°Ñ Ð´Óл оÑа Ò¯ÑÑÑнде дÓÑÑгеÑге аÒÑа ÑөлеÑге мÓÐ¶Ð±Ò¯Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ

Жаға ұстатарлық оқиға Қытайдың Ганьсу провинциясының Ланьчжоу қаласында болды. Юньнань провинциясынан келген Яо есімді науқас 25 қазан күні дәрігерге жүгініп, маманның кеңес үшін оған 29 мыңға жуық ақы төледі. Содан кейін дәрігер Яоны ота жасатуға жіберді. Бірақ рәсімнің ортасында хирург науқасқа ота үшін 825 933 төлеуді бұйырады. Хирург Яоға оның лимфа түйіндерінің қабынғанын және зақымдалған нервтерді жедел түрде емдемесе науқастың болашақта қиындықтарға тап болатын айтты.

Бұл диагнозды естіген Яо қатты қорқып кетеді. Сондай-ақ, жергілікті анестезияға байланысты ұйқысы келіп, оның дәрігермен дауласуға шамасы да болмады. Ал хирург оның жарақатын таңып, төменгі қабатта орналасқан кассаға жіберді. Ал ақша төленбеген жағдайда отаны жалғастырудан бас тартты.

Осыдан кейін Яо Ланьчжоу билігіне шағым жазды. Және ол басқа дәрігерлермен кеңесіп, оның отасының орта есеппен 80 900 теңгедей тұратынын білді. Ал даудың астында қалған аурухана басқармасы науқасқа 2 233 508 теңге өтемақы төлеуге келіседі.

Мәліметтерге сүйенсек, Қытайда медицина саласында алаяқтық кең тараған, өйткені жеке медицинаны ешкім бақыламайды. Осының салдарынан науқастар жиі рәсімдерге артық төлеп, алданып қалады.

Stan.kz









10 желтоқсан 2018 ж. 616 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930