» » 2019 жыл жайлы 35 жыл бұрын жазылған болжам

2019 жыл жайлы 35 жыл бұрын жазылған болжам

2019 жÑл Ð¶Ð°Ð¹Ð»Ñ 35 жÑл бұÑÑн жазÑлÒан болжам

1949 жылы британиялық жазушы Джордж Оруэллдің "1984" атты анти-утопиялық романы жарық көрді. Бұл шығарма, оның ішіндегі шиленіскен оқиғалар, түрлі терминология, шығарма авторы мен ерекше қойылған кітаптың атауы сол кезеңнің басты жаңалығына айналды. Алайда, бірнеше онжылдықтар бойы жаңа туындылар жарық көріп, "1984" халық жадынан шыға бастады. Дегенмен, араға тура 35 жыл салып, баяғы кітаптың жұлдызды дәуірі қайта келді. Бұл кітаптың атына берілген 1984 жыл еді.

Аталған романды автор 1943-1948 жылдардың арасында жазып, 1949 жылдың 8 маусымында жарыққа шығарған. Кітапты жазу кезінде Джордж өкпе құртына шалдығыпты. Дегенмен бұл іске нық кіріскен ол науқастанғанына қарамастан романды толық аяқтай алды. Кітаптың атауына келсек, ол алғашында "Еуропадағы соңғы адам" деп аталған. Бұл тіркестер баспагердің көңілінен шықпаса керек, жазушыға қарапайым әрі қысқа, бірақ көпшіліктің қызығушылығын оятатын атау қоюын талап еткен. Джордж көп ойланбай, "1984" деген шешімге келіпті. Оның мағынасына келсек, бұл жерден ешқандай мәнісі бар жауап күтудің қажеті жоқ екен. Жазушы тек романды аяқтап біткен 1948 жылдың соңғы екі санын ауыстырып қоя салған.



Айтып өткендей, 1984 жылы 35 жыл бұрын баспадан шыққан бұл кітап көп оқылып жатты. Осы кезеңде кітаптан ерекше әсер алған канадалық The Star басылымының қызметкерлері америкалық жазушы Айзек Азимовқа бір қызық ұсыныс тастапты. Нақтырақ айтсақ, олар жазушыдан тура сол уақыттан 35 жыл өткенде жер жүзінде қандай өзгерістер болатынын болжап жазуды сұраған (1984+35=2019). Азимов ұсынысты қабыл алып, бүгін біз өмір сүріп жатқан 2019 жыл жайлы өз болжамын жазып шығыпты. Бұл жазбаның түпнұсқасын The Star басылымының сайтынан таптық. Назарларыңызға, осы болжамның негізгі бөлімдерін ұсынбақпыз.

Азимовтың ойынша, 2019 жылы өмір сүретін адамдарды негізгі үш мәселе толғандырады: ядролық соғыс, жаппай компьютерлендіру, ғарыш кеңістігін пайдалану.

Ядролық соғыс қаупі

АҚШ пен Кеңес Үкіметінің арасындағы саяси текетірес сол уақытқа дейін жалғаса берсе, онда ол кезең туралы айтудың ешқандай пайдасы жоқ. Бізің қатарластарымыздың азы, балаларымыз бен немерелеріміз сол уақытта өмір сүретіндіктен ол кезеңдегі ғаламдық түйіткілді мәселелерге тоқталудың мәнісі жоқ. Сондықтан, ядролық соғыс болмайды деп болжайықшы.

Жаппай компьютерлендіру

2019 жылы қоғам компьютерсіз өмір сүре алмайтындай деңгейге жетеді. Әсіресе, экономика мен өнеркәсіп үшін бұл құрал ауадай қажет болмақ. Компьтерлер әр үйден орын табады. Ал бұл бетбұрысқа ілесе алмаған кейбір елдер, бүгінде мемлекеттің қаруы болуы міндеттелгені сияқты компьютердің болуын да талап етеді.

Кейбір мамандықтар жоғалады

Компьютер қолданысқа енгеннен кейін ол бірнеше адам істейтін жұмысты жалғыз өзі атқара алатын деңгейге жетеді. Адамға қарағанда жылдам әрі өнімді жұмыс жасайтын роботтардың саны жыл өткен сайын артады. Сол себепті, адамзатқа бүгінгі жұмысынан айырылу қаупі төнеді.

Білім беру жүйесі өзгереді

Компьютер еңбек нарығына да енетіндіктен, мектепте білім беру жұмыстары заманға сәйкес өзгеріп кетеді. Индустрияландыру жылдарына дейін адам сауаты жоқ болса да қарнын тойдыратындай табыс таба алды. Ал 2019-да бұл мүмкін болмайды. Егер адам компьютер тілін меңгере алмаған болса, оны қоғам қабылдамайды. 2019 жылы мұғалім мамандығы болмауы мүмкін. Ал балалар мектепке бармай-ақ, өз үйінде мектептің міндеттеген бағдарламасы бойынша емес, ерікті түрде қызығушылығына қарай білім алады.



Экологиялық мәселелер көбейеді

Адамның табиғатқа деген жауапсыздығынан түрлі экологиялық мәселелер туындайды. Бұл қиындықтар қалдықтарды, қоқыстарды жинамаудың салдарынан пайда болады. Бұл мәселені шешу де ғаламдағы негізгі мәселеге айналады. 2019 жылға дейін технология саласы қарқынмен дамып, бұл мәселені шеше алатындай құрылғыларды ойлап тапса деп үміттенеміз.

Адам ғарышты игереді

Адам жаңа қуатты күшпен Айға қайта барады. Ол жақта адамдар қоныстанатын үлкен станция тұрғызып, қызметкерлер Айда пайдалы қазба байлықтарын тауып алады. Бұл қазба байлықтарын өңдеп, ғарышта басқа обьекттер тұрғызуға арналған құрылыс материалдарын өңдейді. Ғарыштық электростанциялардың көмегімен Күннің мол энергиясын Жерге жеткізеді.

Бүкіл әлемде бейбітшілік орнайды

Ұлттар мен ұлттардың ішіндегі бірлестіктердің арасында серіктестік, ынтымақтастық орнайды. Бірақ, ол әділдіктің орнауынан емес, серіктессіз қалғандарға қауіп төнудің салдарынан. Еврей текті америка жазушысы Айзек Азимов осыдан 35 жыл бұрын 2019 жылды дәл осылай елестеткен екен. Оның болжамының жартысынан көбі қазіргі уақытта толыққанды жүзеге асты деп айтуға болады. Ал арасындағы кейбірі әлі де орындалып үлгерген жоқ. Оны болашақтың еншісіне қалдырдық. Бізге енді, бір нәрсе ғана қызық болып тұр. 2054 жыл...

massaget.kz
18 қаңтар 2019 ж. 624 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 824

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031