Балаларға арналған кітап жарық көрді Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен ақын, журналист Қуат Адистің балаларға арналған «Кемпірқосақ» атты кітабының сүйінші данасы жарық көрді. Автор кітапты 3-7 жас аралығындағы балалардың зейініне сай бейімдей отырып жазған. Кітапта автордың тақпақтары, жаңылтпаштары, жұмбақтары жарық көрген. Кітапқа алғы сөз жазған М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Д.Мұхамәди «...Сөз жоқ, ақынның бұл туындысын қазақ балалар әдебиетіне тыңнан қосылған қомақты дүние деп айтуға әбден лайық» - деген пікір білдірген.Жуық арада кітаптың таралымы басылып шығып, білім беру орындарына, мектепке дейінгі ұйымдарға және кітапханаларға таратылады. Жаңалықтар 05 маусым 2018 ж. 2 555 0