Жолда апатқа ұшырағандарға көмектеспек болған дәрігер қалыңдығын өлі күйінде тапты
Шотландияда 30 жастағы Скот Брэйдинг итімен серуендеп жүрген кезде сол маңда жол апаты орын алғанын көрген. Дәрігер болып жұмыс істейтін ер адам оқиға орнына жүгіріп, көмектеспек болған. Алайда қалыңдығын сол жерден өлі күйінде тапты
Скот Брэйдинг 26 жастағы сүйіктісі Меган Амброзевич-Блэрге үйленбек болып жүрген. Алайда көлік апаты оның өмірінің күл-талқанын шығарды. Дәрігер итімен серуендеп жүрген кезде сол маңда жүк көлігі бірнеше көлікке соғылған. Ол бірден зардап шеккендерге көмекке асығыпты. Алайда жеңіл көліктің рулінен қалыңдығын көріп, төбесіне жай түскендей болған, деп жазады Stan.kz.
Скотт сүйіктісін құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған. Алайда Меганның өмірін құтқару мүмкін болмады. Ол жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды.
Жүк көлігін тізгіндеген 57 жастағы Майкл Фрил қыздың өліміне өзі кінәлі екенін мойындады. Ол аңдаусызда бір бағытты жолға бұрылғанын түсіндірді.
«Біздің Меганның өмірін тартып алғанда әлемнің тас-талқаны шықты», – дейді қайтыс болған қыздың жақындары.
Stan.kz