» » Американың 24 штатында жануарлар ауыр дертке шалдығып, зомбиге айналып бара жатыр

Американың 24 штатында жануарлар ауыр дертке шалдығып, зомбиге айналып бара жатыр

АҚШ-тың 24 штатында және Канаданың екі аймағында бұғы мен бұландар өмір үшін қауіпті ауруға шалдығып жатыр. Бұл туралы Earth.comбасылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды


Ең бірінші рет құбылыс 1960 жылы Колорадоның солтүстігінде байқалған. Ауру миды және басқа да мүшелерді зақымдайды. Жануарлар кенеттен салмақ тастайды, координацияны жоғалтады. Сонымен қатар, ашуланшақ болып кетеді, адамдардан қорқу деген жойылады. Дерт созылмалы аурулардың қатарына жатады.

Бұл ауруды жануар бірнеше жыл бұрын жұқтырып алады. Ал оның белгілері енді ғана, осы шақта пайда болуы мүмкін. Ауру жабайы және еріксіз қамауда ұсталынған жануарларда көрініс табады. Ауырып қалғанда олар зомбиге ұқсап кетеді.

Осындай ауруға Норвегиядағы, Финляндиядағы, Оңтүстік Кореядағы жануарлардың шалдыққаны тіркелді.
Канадалық дәрігерлер аты жоқ дерт жетіліп, адамдарға жұғып кетеді ме деп қорқады. Қазіргі уақытта осы дертке шалдыққан адам жоқ.
 
 
Stan.kz


11 ақпан 2019 ж. 746 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 822

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031